Состав Общественного совета города Текели

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының IV отырысының хаттамасы

 Текелі  қаласы                                                                            2025 жылғы 25 ақпан

15-00

Қатысқандар: Жұмыс тобының басшысы Ф.Бүркітбай

Жұмыс тобының мүшелері - К.Д. Коштаева, Н.А. Шоханова, Е.С. Баймуханов, А.А. Турсынгалиев, Г.У. Омарова.

Байқаушылар: Т.К. Тұрлыбаева

КҮН ТӘРТІБІ:

 Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау.

ТЫҢДАЛДЫ

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының IV отырысын жұмыс тобының басшысы Ф.Бүркітбай жүргізді.

Өз сөзінде жұмыс тобының I отырысында Текелі қалалсының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 12 мүше болып анықталғанын жеткізді.

Жұмыс тобының басшысы Ф.Бүркітбай «Текелі Тынысы» газетінде және Текелі қалалық мәслихатының ресми сайтында ағымдағы жылдың 04 ақпанында Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру жарияланғанын айтты.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау барысында барлығы 10 ұсыныс түсті. Оның ішінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен 5, ЭМО-1 және өзін өзі ұсынған азаматтардан 3 ұсыныс түсті.

Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған құжаттардың негізінде белгілеген нысан бойынша кандидаттарды бағалау парағын толтырды, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылап, әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізіп, әрбір кандидат бойынша ашық дауыс берді.

 

 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығының 2-тарауы 30-тармағына сәйкес, жұмыс тобы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесіне мемлекеттік органдардан:
  • Құрманбаев Сержан Қадірханұлы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары
  • Байсақов Қуандық Қуатұлы, «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы;
  • Утелбаев Дидар Саякович, Текелі қаласының ОРМБЖМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры сайлансын.
  1. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесіне коммерциялық емес ұйымдардан және өзін өзі ұсынушылардан:
  • Шалбаев Бакыт Сарбасович, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Текелі қалалық филиалының мүшесі;
  • Сандыбаев Сакен Жасланович, жеке кәсіпкер, өзің-өзі ұсынушы;
  • Пастарнак Виктория, «Текелі-Көмек» Қоғамдық Бірлестігінің мүшесі;
  • Жумагалиев Алияр Жумагалиевич, «Текелі жастары» Қоғамдық Бірлестігінің мүшесі;
  • Маджитова Ильмира Расимовна, «Текелі қаласының Шарапат-Сауап» Корпоративтік Қорының мүшесі;
  • Кусаинова Холида Есболовна, «Жақсылық жаса Текелі» Қоғамдық Бірлестігінің директоры;
  • Сапиева Данахан Жұмаханқызы, зейнеткер, өзің-өзі ұсынушы;
  • Савинов Геннади Иванович, «Алматы облысы орыс орталығы» Қоғамдық Бірлестігінің Текелі қалалық филиалы мүшесі,
  • Нестеров Константин Михайлович, өзің-өзі ұсынушы.

 

             Бір кандидат резерв тізіміне қойылсын- Бекбатыров Берик Каримович- өзің-өзі ұсынушы.

 

 

Жұмыс тобының басшысы                                     Ф.Бүркітбай

 

Дата публикации
27 февраля 2025