Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды (қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 9 мүше коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар, 3 мүше мемлекеттік органдар өкілдері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен).
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңеске сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері: (10 жұмыс күн) 2025 жылғы ақпан айының 04-нен 17-не дейін (қоса алғанда)
Текелі қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды, өтініштерді қажетті құжаттарымен бірге қабылдайтын мемлекеттік орган – «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, пошта мекен-жайы Жетісу облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі 34, индекс 041700, электрондық пошта – tekeli_maslihat@mail.ru, байланыс телефондары: 4 26 56.
Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы