Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының округтік сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің бос орындарына конкурс өткізу туралы ХАБАРЫ

Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының округтік

 сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің бос орындарына конкурс өткізу туралы

ХАБАРЫ

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос орындарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін жүзеге асырылады.

.Текелі қалалық мәслихаты

 

Текелі қалалық мәслихатының төрағасы – Б.Е. Тугулбаев.

Мәслихаттың орналасқан жері: Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34

Жауапты тұлғалар –  Дулат Болатұлы Сембаев, № 48 каб., байланыс телефондарының нөмірі: 87084265070, 87283544402, Индира Нүсіпжанқызы Какенова,     № 20 каб., байланыс телефондарының нөмірі: 87477803045, электрондық пошта: tekeli_maslihat@mail.ru.

 

№

Сайлау учаскесінің №

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

Бос орындар саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

3

«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 7 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты

Текелі қ., Рудничный а. о.

Бейбітшілік

58

2

2

5

«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 5 орта мектеп» КММ ғимараты

Текелі қ.

Тәуелсіздік

23

1

3

8

«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 6 орта мектеп» КММ ғимараты

Текелі қ.

Достық

31

2

 

                              Текелі қалалық мәслихаты

Нысан

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

төрағасына

  _________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

_______________________________________________тұратын

                   (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

_________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

 

Өтініш

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

______________________________________________________________________

      (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №_________округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.

Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар __________________________________

( иә, ___ жыл/ жоқ)

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

2023 жылғы «____»____________                                        _________________________

                        (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

  1.  

 

әкесі

  1.  

 

анасы

  1.  

 

ұлы

  1.  

 

қызы

  1.  

 

ағасы

  1.  

 

әпкесі

  1.  

 

атасы

  1.  

 

әжесі

  1.  

 

немересі

  1.  

 

жұбайы (зайыбы)

 

Дата публикации
09 ноября 2023