Текелі қалалық мәслихатының VIII шақырылымы I сессиясының шешімдері

Текелі қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымының І ұйымдастырушы сессиясының

        ХАТТАМАСЫ

 Текелі қаласы                                                                  2023 жылғы 30 наурыз

                                                                                                       сағат 15-00. 

Сессияны қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Джылкыбаев Нұрлан Джавидович ашты.

Құрметті депутаттар! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттың бiрiншi сессиясын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi.

Қалалық мәслихаттың бірінші сессиясына 11 депутат қатысты.

VІІІ шақырылымдағы Текелі қалалық мәслихатының бірінші сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Н. Джылкыбаев:         Құрметті депутаттар!

Текелі қалалық мәслихатының бірінші сессиясында Текелі қаласының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы қатысып отыр.

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы «Текелі қалалық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындысы туралы» хабарлама жасады (хабарлама қоса беріледі).

         Баяндама аяқталды.  Сұрақтар бар ма? – Жоқ.       

Құрметті депутаттар!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған VІІІ шақырылымдағы Текелі қалалық мәслихатының 11 депутатының өкілеттіктері танылды деп санайды.

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы VІІІ шақырылымдағы Текелі қалалық мәслихатының депутаттарына куәлік пен төсбелгілерін табыс етті.

Құрметті депутаттар! Баршаңызды сіздерді VІІІ шақырылымдағы Текелі қалалық мәслихатының депуттары болып сайланғандарыңызбен құттықтаймын. Жаңа еңбек жолдарыңызда табыс тілеймін. (Құттықтаулар). 

                                     Құрметті депутаттар!

Сессия жұмысын әрі қарай жалғастырамыз. Бізге сессияның күн тәртібін бекіту қажет. Сіздің қарауыңызға келесі сұрақтар ұсынылып отыр:

  1. Қалалық мәслихат төрағасын сайлау туралы.
  2. Текелі қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.
  3. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, оның мүшелері мен төрағаларын сайлау туралы.

Депутаттарда күн тәртібі бойынша басқа ұсыныстар бар ма? – Жоқ.

Осы күн тәртібін бекіту үшін дауыс беруіңізді сұраймын.

Сессияның күн тәртібі бір ауыздан бекітілді.

Н. Джылкыбаев: Бірінші сұрақты қарастыруға кірісеміз.

Құрметті депутаттар!

Қалалық мәслихат аппаратының қызметіне жетекшілік ету үшін және сессия жұмысын одан әрі жүргізу үшін біз қалалық мәслихаттың төрағасын сайлауымыз қажет. Қандай ұсыныстарыңыз бар?

«AMANAT» партиясының Текелі қалалық филиалының төрағасы Ботантаев Марғұлан Мәлімбайұлы Текелі қалалық «AMANAT» партиясының фракциясының жиналысының шешімі бойынша: қалалық мәслихат төрағасының кандидатурасы бойынша ұсыныс депутат Тугулбаев Бауыржан Ертаевичтің кандидатурасын ұсынамыз.

Қандай ұсыныстарыңыз бар? Өзге ұсыныстар бар ма? – Жоқ.

Онда дауысқа қоямын. Текелі қалалық мәслихатының төрағасы етіп  Тугулбаев Бауыржан Ертаевичті сайлау үшін дауыс беретіндер қол көтеріңіздер.

Депутат Тугулбаев Бауыржан Ертаевич қалалық мәслихатттың төрағасы болып бір ауыздан сайланды. (Құттықтаулар).

Н. Джылкыбаев: Бауыржан Ертаевич, президиумдағы өз орныңызды иелеуіңізді сұраймын, сессия жұмысын одан әрі жүргізу өкілеттігін сізге тапсырамын.

Қала әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы: Құрметті депутаттар, баршаңызды өткен сайлаудан сүрінбей өтіп, депутат болып сайлануыңызбен құттықтаймын. Бауыржан Ертаевич, сізді қалалық мәслихат төрағасы лауазымына тағайындалуыңызбен айрықша құттықтаймын.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев:   Құрметті депутаттар!

Сессияның күн тәртібіндегі екінші сұрағына көшейік.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-2-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихатына Текелі қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы хат келіп түсті.

Құрметті депутаттар сессияның екінші сұрағы бойынша «AMANAT» партиясының Текелі қалалық филиалының төрағасы Ботантаев Марғұлан Малимбайұлына сөз беріледі.

         Құрметті депутаттар! Баяндама аяқталды. Баяндамашыға сұрақтар бар ма?

      Құрметті депутаттар, сіздердің қолдарыңызда екінші мәселе бойынша шешім жобасы бар. Депутаттар шешімнің жобасын талқылады.

          Ұсынылған шешім жобасына дауыс берулеріңізді сұраймын.

          Мәслихат төрағасы шешім жобасын жекелей дауысқа қойды.

          Депутаттар бір ауыздан шешім қабылдады.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев:   Құрметті депутаттар!

«Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы» сұрағына көшеміз. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес біз қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құруымыз қажет. Қалалық мәслихаттың 2 тұрақты комиссиясын құру туралы ұсыныс бар:

         1) әлеуметтік мәселелер бойынша (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және азаматтардың құқықтарын қорғау);

         2) бюджет және экономика мәселесі.

Сіздердің қолдарыңызда жобалары бар.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев: Комиссиялардың сандық құрамы бойынша депутаттарда сұрақтар бар ма? – Жоқ. Келісу туралы ұсыныс келіп түсті. Қалалық мәслихаттың жоғарыда аты аталған 2 тұрақты комиссиясын құру үшін дауыс беріңіздер (дауысқа қойылды).

Шешім бір ауыздан қабылданды.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев: Құрметті депутаттар!

«Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамдары мен төрағаларын сайлау туралы» сұрағына көшеміз.

Қолдарыңыздағы шешім жобасына сәйкес, депутаттарды әлеуметтік мәселелер бойынша (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және азаматтардың құқықтарын қорғау) жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына сайлау үшін дауыс беріңіздер (дауысқа қойылды).

Шешім бір ауыздан қабылданды.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев: Енді, жоғарыда сайланған құрам ішінен осы комиссияның төрағасын сайлау қажет. Бұл комиссияның төрағасы етіп Кабдулова Алуаны сайлау туралы ұсыныс келіп түсті. Депутаттарда өзге ұсыныс бар ма? – Жоқ. Келісу туралы ұсыныс келіп түсті (дауысқа қойылды).

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және азаматтардың құқықтарын қорғау тұрақты комиссиясының төрағасы болып Кабдулова Алуа бір ауыздан сайланды.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев: Құрметті депутаттар!

          Келесі комиссияны айқындап алайық. бюджет және экономика мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына шешім жобасына сәйкес, төмендегі депутаттарды сайлауды ұсынамын.

          Депутаттарда өзге ұсыныстар бар ма? – Жоқ. Бюджет және экономика мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына жоғарыда аты аталған депутаттарды сайлау үшін дауыс беріңіздер (дауысқа қойылады).

Шешім бір ауыздан қабылданды.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев: Енді, жоғарыда сайланған құрам ішінен осы комиссияның төрағасын сайлау қажет. Бұл комиссияның төрағасы етіп Жұмаділов Тұрысбек Әкімханұлын сайлау туралы ұсыныс келіп түсті. Депутаттарда өзге ұсыныс бар ма? – Жоқ. Келісу туралы ұсыныс келіп түсті (дауысқа қойылды).

Бюджет және экономика мәселесі жөніндегі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Жұмаділов Тұрысбек Әкімханұлы бір ауыздан сайланды.

Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев: Құрметті депутаттар!

Күн тәртібіндегі барша сұрақтар қарастырылды. Сессияның жүргізу барысы бойынша қандай ескертулер, ұсыныстар бар? – Жоқ.

VІІІ шақырылымдағы Текелі қалалық мәслихатының бірінші сессиясының жұмысы аяқталды. 

Қалалық мәслихат төрағасы                  ________________ Б. Тугулбаев

Дата публикации
20 июля 2023