Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің IV отырысының хаттамасы
Текелі қаласы 2022 жылғы 12 мамыр 15-00
Қатысқандар:
Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Дүйсебаев.
Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері:Т.Ә. Жұмаділов, С.Қ. Құрманбаев, Д.Б. Нүсіпов, Б.Е. Тұғұлбаев, З.И. Шаяхметова, Е.Е. Самиев, Д.Ж. Сапиева, Н.Н. Хабарова
«Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Ж. Ноғайбеков,
Белгілі себептермен қатыспағандар: А. Қожабек, А.Н. Артющенко, А.М. Нұрмыханова.
КҮН ТӘРТІБІ:
ТЫҢДАЛДЫ:
Текелі қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Дүйсебаев Қоғамдық кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
«Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Ж. Ноғайбеков баяндама жасады. Текелі қаласының «Текелі қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-61 «Текелі қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Текелі қалалық мәслихатының шешім жобасын қарастыру.
Баяндамашының есебі дауысқа салынды. Нәтижесінде шешім бірауыздан қабылданды.
Жақтап дауыс бергендер 9, қарсы 0.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Қоғамдық кеңес ҰСЫНАДЫ:
Текелі қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Е. Дүйсебаев