Депутатский запрос Н. Калиновского

Депутатский запрос Н. Калиновского

28.02.2022ж. № 01-27/1 Текелі қаласының әкімі Б.Қ. Молдахметовқа «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 - 1 бабына сәйкес депутаттық сауал. Құрметті Батыр Қайыркенұлы! Соңғы уақытта Горняцкий шағын ауданының тұрғындарынан қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты шағымдар көптеп түсуде. Аталған сұрақ қаламызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Кенғазыұлы Әлімбаевпен кездесу барысында көтерілген болатын. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Сізден мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймын. Текелі қалалық мәслихатының депутаты Н. Калиновский
Дата публикации
28 февраля 2022