Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1) «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары – осы Заңда және саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнаулы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдар;
2) әкімшілік мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдарда лауазымдық өкілеттікті орындау жөніндегі өз қызметін тұрақты кәсіптік негізде «А» және «Б» корпустарының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарында жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
3) әкімшілік мемлекеттік лауазымның санаты – саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымдар жиынтығы;
4) басшы мемлекеттік лауазым (бұдан әрі – басшы
лауазым) – қарамағында мемлекеттік қызметшілер болатын және олардың қызметін ұйымдастыру өкілеттігі берілген мемлекеттік лауазым;
5) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары – саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық, қаржылық-экономикалық және өзге де функционалдық сүйемелдеуді, мемлекеттің функциялары мен міндеттерін тиісті мемлекеттік орган өкілеттігінің шегінде іске асыруды қамтамасыз ететін және «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жатпайтын әкімшілік мемлекеттік лауазымдар;
6) бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нәтижесі бойынша оған белгіленетін ақшалай төлем;
7) біліктілік талаптары – мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
8) жұмыс орны – мемлекеттік қызметші тұрақты немесе уақытша болатын, құрылымдық тұрғыдан бөлінген және ұйымдастырылған және оның лауазымдық өкілеттікті орындауына арналған, оның ішінде мүгедектігі бар адамның жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған және ұйымдастырылған орын;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет
ардагері – мемлекеттік қызметтегі өтілі кемінде жиырма бес жыл болатын, мінсіз беделі бар, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес зейнеткерлік жасқа толған не зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мемлекеттік қызметте болуы осы Заңға сәйкес ұзартылған адам;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі (бұдан
әрі – мемлекеттік қызмет) – мемлекеттік органдарда ақы төленетін мемлекеттік лауазымдарды атқаратын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттің функциялары мен міндеттерін және (немесе) мемлекеттік органдардың өкілеттігін іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіптік қызметі;
11) қызметтік қажеттілік – мемлекеттік органның өкілеттігін үздіксіз және тиімді орындауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшінің жұмыс сипатын немесе көлемін, еңбек жағдайларын уақытша өзгертуді талап ететін мән-жайлар немесе жағдайлар;
12) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
13) лауазымдық өкiлеттiк – нақты мемлекеттiк лауазымда көзделген, мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін құқықтар және мiндеттер;
14) мемлекеттік қызметтің кадр резерві – қажетті кәсіби және жеке қасиеттерге ие Қазақстан Республикасы азаматтарының кейіннен бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуына, сондай-ақ мемлекеттік органдарды білікті мамандардың қажетті санымен жасақтауға арналған, белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тізбесі;
15) мемлекеттiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердің қаражатынан не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатынан ақы төленетiн, саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң функциялары мен мiндеттерiн iске асыру жөніндегі лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
16) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі (бұдан әрі – қызметтік әдеп) – мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген, әдеп қағидаттары мен қызметтік әдеп стандарттары көзделетін мінез-құлық қағидалары;
17) мемлекеттік қызметшінің құзыреті – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіптік қызметті тиімді орындау үшін қажетті білімнің, машықтар мен дағдылардың жиынтығы;
18) мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оның тікелей қарамағында болатын адам;
19) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан
әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық мемлекеттік орган;
20) мемлекеттік лауазым – мемлекеттің функциялары мен міндеттерін және (немесе) мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген лауазымдық өкілеттік шеңбері жүктелген, сондай-ақ саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімiне енгізілген мемлекеттік органның құрылымдық штат бірлігі;
21) мемлекеттік орган басшысы – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда орталық мемлекеттік органның, оның ведомствосының, олардың аумақтық бөлімшелерінің басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, мемлекеттік орган болып табылатын аппараттың басшысы;
22) мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісі (бұдан
әрі – келісімшарттық қызметші) – түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру үшін
мемлекеттік органға осы Заңда көзделген ерекшеліктері бар келісімшарт бойынша тартылған Қазақстан Республикасының азаматы;
23) мемлекеттік органның келісімшарттық қызметшісінің келісімшарты – мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы оның құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, сондай-ақ еңбек нәтижесімен (сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер) өзара байланысты еңбекке ақы төлеу жағдайларын, еңбек нәтижесіне (сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер) қол жеткізбегені үшін жауапкершілігін және басқа да жеке жағдайларды белгілейтін еңбек шарты;
24) мемлекеттік цифрлық кадрлық жүйе – мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлері туралы мәліметтерді жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге және талдауға, персоналды басқару функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мониторингтеуге арналған мемлекеттік цифрлық жүйе;
25) сайланатын мемлекеттік лауазым – Қазақстан Республикасының азаматы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланатын әкім лауазымы;
26) сайланған мемлекеттік қызметші – сайланатын мемлекеттік лауазымды атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы;
27) саяси мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де адамдар (органдар) лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және (немесе) іске асыруға қатысатын және оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге саяси жауапты болатын адам;
28) төменгі лауазым – «Б» корпусының мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес төмен тұрған мемлекеттік лауазым болатын әкімшілік мемлекеттік лауазымы;
29) уақытша бос мемлекеттік лауазым – мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің іссапарға жіберілуіне, әлеуметтік демалыста не оқуда болуына, лауазымдық өкілеттігін орындаудан уақытша шеттетілуіне, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өзіне қатысты үйқамақ не күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қолданылуына, ауруы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енген болса, науқастануы салдарынан оның қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыс орнында болмауына байланысты оның болмауы кезеңіндегі осы бос мемлекеттік лауазым;
30) үстемеақы – мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленетін лауазымдық айлықақысына ақшалай қосымша ақы;
31) штат кестесі – мемлекеттік органның ұйымдық құрылымын, құрамын және мемлекеттік лауазымдарының санын белгілейтін құжат;
32) іссапарға жіберу – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен мемлекеттік қызметшінің басқа мемлекеттік органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде мемлекеттік лауазымды және өзге де ұйымда лауазымды атқаруы.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызмет саласындағы заңнамасының қағидаттары
4) мемлекеттік органдардың арасындағы құзыреттер мен мемлекеттік қызметшілердің арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату;
5) лауазымдық орын ауыстыруы кезінде мемлекеттік қызметші мәртебесінің сақталуы;
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатынан қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау қызметі;
2) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери қызмет;
3) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық қорғау органдарындағы қызмет;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік фельдъегерлік қызмет.
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарының қорғалуын, еңбекті қорғауды, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының сақталуына, ауруларының профилактикасына құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ұсынылу кепілдіктерін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттарға қажеттілігін қанағаттандыру;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының кепілдік берілген, өздері ақы төлемейтін орта білім алу, барлық деңгейде сапалы және қолжетімді білім алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, ғылым мен техниканы дамыту құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
4) қоршаған ортаны қорғауды, елдің экологиялық қауіпсіздігін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қалпына келтіруді, ормандарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды және жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету;
5) елдің су ресурстарын қорғауды, ұтымды пайдалануды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету, халықтың және экономика салаларының суға қажеттіліктерін, су қорының сақталуын және суларды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ету;
6) туризмді, бұқаралық және кәсіпқой спортты дамытуды, халықтың барлық топтары үшін спорттық іс-шаралардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) мәдениетті қолдауды және дамытуды, мемлекеттік және басқа да тілдерді, ақпараттық саланы, қоғамдық институттарды дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
8) агроөнеркәсіптік кешенді, аквашаруашылықты, тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар мен өсімдіктер карантинін, асыл тұқымды мал шаруашылығын, ветеринария мен ара шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету;
9) жер ресурстарын басқаруды, жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды, жер қатынастарын реттеуді, жер кадастрын жүргізуді және жерлердің мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
10) көлік саясатын іске асыруды, Қазақстан Республикасының экономикасы мен халқының тасымалдауға қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету, көліктік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын, сондай-ақ көліктік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету;
11) өнеркәсіпті, тау-металлургия кешенін, машина жасауды, құрылыс индустриясын дамытуды, жер қойнауын пайдалануды, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылықты реттеуді қамтамасыз ету;
12) халықтың және экономика салаларының энергия мен энергетикалық ресурстарға қажеттіліктерін қанағаттандыруды, мұнай өнімдері мен газ өндірісін, газбен жабдықтауды, электр энергетикасын, жылумен жабдықтауды дамытуды, атом энергиясын пайдалануды, жаңартылатын энергия көздерін, сондай-ақ уран өндіруді дамытуды қамтамасыз ету;
13) киберқауіпсіздікті, экономиканың тиімді цифрлық трансформациясын, цифрлық инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ жеке деректерді, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғауды қамтамасыз ету;
14) бюджетті жоспарлау мен атқаруды, салықтық әкімшілендіруді, мемлекеттік борышты басқаруды, кеден ісі, мемлекеттік сатып алу саласындағы реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқаруды қамтамасыз ету;
15) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу мен жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
16) қаржы жүйесінің тұрақтылығын, қаржы нарығын реттеу мен дамытуды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мониторингтеуді, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
17) мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сапасының сақталуын бақылауды, сондай-ақ статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету;
18) кәсіпкерлікті, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды, табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бәсекелестікті қорғауды және монополистік қызметті шектеуді қамтамасыз ету;
19) сыртқы сауда қызметін, ішкі сауданы дамыту мен реттеуді, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен ілгерілетуді, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын және сыртқы экономикалық қызметін жүргізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, халықаралық аренада ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ шетелде Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
21) конституциялық құрылыс негіздерін, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует пен қорғаныс әлеуетін қорғауды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету, үкіметтік байланысты қолдап отыру және онымен қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы
іс-қимыл жасау;
22) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғауды қамтамасыз ету;
23) күзетілетін адамдардың және күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
24) қоғамдық тәртіпті қорғауды, қылмыспен күресті, қоғамдық қауіпсіздікті, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
25) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу мен жоюды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
26) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді, заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау мен жоюды қамтамасыз ету;
27) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруды және оны іске асыруды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету;
28) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де бағыттар.
1) мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қосымша құқықтарды, міндеттерді, жеңілдіктерді, кепілдіктерді және шектеулерді көздейтін ерекше құқықтық мәртебесі;
2) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібі;
3) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқаруды қамтитын мемлекеттік қызметшілер қызметінің жария-құқықтық сипаты.
Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік саясатқа бейілділікке, қоғамның мемлекеттік қызметке сеніміне және мемлекеттік қызметшінің өзі берген антқа адал болуына негізделеді.
Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.
8-бап. Қазақстандық патриотизм
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының азаматтары жүктелген лауазымдық міндеттерді адал орындаудан, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болатын халыққа қызмет етуден, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері мен ұлттық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуден, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттердің жолын кесуден көрінетін қазақстандық патриотизм негізінде жүзеге асырады.
1) мемлекеттік функцияларды атқару мерзімдері мен кезеңдерін, сұратылатын құжаттардың көлемін қысқартуды қоса алғанда, оларды оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;
2) төрешілдік және сөзбұйдалық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік функцияларды тиімді атқаруға және (немесе) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік, цифрлық және құқықтық кедергілерді, артық және қайталанатын талаптарды айқындау және жою шараларын қабылдайды.
Мемлекеттік қызметші жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара
іс-қимыл жасаған кезде өздерінің лауазымдық өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес клиентке бағдарлануды көрсетеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға дейін алып келеді.
Мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер адам мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіздер не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде мінсіз беделі бар адам болып саналмайды.
Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы
іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауға міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет кепілдік беретін қорғау шаралары ұсынылады.
Анонимдік айыптау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға және (немесе) оны сот тәртібімен даулауға міндетті.
Мемлекеттік орган басшылығы ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, оны осындай бұзушылықтар жасауға итермелеу жағдайлары туралы өтініш бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органдарға жолданымдар жіберу арқылы шаралар қабылдауға міндетті.
Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сайлауды дайындау және өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелері болатын мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақытындағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады;
9) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттігін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, діни және қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Мемлекеттік қызметші олардың қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті.
Мемлекеттік қызметке кірген кезде шаруашылық немесе фермерлік қожалық мүшесі не жеке кәсіпкер мемлекеттік лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде кәсіпкерлік қызметін тоқтату және (немесе) мүлкін иеліктен шығару шараларын қабылдауға міндетті. Көрсетілген іс-әрекеттер аяқталғанға дейін ол кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және өзіне тиесілі мүлкін басқаруға қатысуға құқылы емес. Қызметті тоқтату және (немесе) мүлікті иеліктен шығару персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынылатын құжаттармен расталады.
Осы тармақта көрсетілген шараларды қабылдамау мемлекеттік лауазымнан шығаруға алып келеді.
Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай жалға беруден кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қосымша құқықтармен және кепілдіктермен өтеледі.
Мемлекеттік қызметшінің:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларға;
4) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де түрлеріне;
5) жеке қадір-қасиетінің құрметтелуіне, өзіне мемлекеттік қызметшілердің және жеке тұлғалардың әділ әрі құрметпен қарауына;
6) еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына;
7) өзінің тікелей басшысынан өзі атқарып отырған мемлекеттік лауазымына сәйкес міндеттерді және лауазымдық өкілеттік көлемін дәл айқындап беруді талап етуге;
8) лауазымдық өкілеттігін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
9) өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті лауазымды адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын талап етуге;
10) өзінің лауазымдық өкілеттігін атқару үшін белгіленген тәртіппен ұйымдарға баруға;
11) өзінің мемлекеттік қызметті өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға және қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер беруге;
12) мемлекеттік қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді талап етуге;
13) жұмыс тиіміділігіне, кәсіптік тәжірибесіне және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де негіздерге байланысты ынталандыруға және еңбегіне ақы төлеуге;
14) егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тиісті бюджет қаражаты не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен даярлануға, қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;
15) лауазымдық орын ауыстыруға және мемлекеттік қызмет бабында ілгерлеуге;
16) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен өз еркімен шығуға;
17) жасанды интеллект технологияларына негізделген цифрлық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Мемлекеттік қызметші:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант қабылдауға және оны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтауға;
4) қызметтік тәртіпті сақтауға;
5) өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді адал және кәсіби тұрғыдан орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген қызметтік әдепті, мінсіз беделге қойылатын талаптарды сақтауға;
8) өз қызметін клиентке бағдарлану негізінде жүзеге асыруға;
9) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
10) құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, қарамағындағы мемлекеттік қызметшілер мен қарамағындағы өзге де адамдар тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға;
11) өздерінің лауазымдық өкілеттігі шегінде шығарған мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқамаларын орындауға;
12) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың жолданымдарын қарауға және олар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде қажетті шаралар қабылдауға;
13) мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт ішінде сақтауға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттігін атқару кезінде алатын, адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;
15) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
16) мемлекеттік органның цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде киберқауіпсіздікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге;
17) мемлекеттік қызметтің имиджі мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жария сөз сөйлеуге жол бермеуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
1) ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасуға даярлауды;
2) басшы лауазымдарға орналасуға даярлауды көздейді.
Оқыту шартының нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі білім беру ұйымдары бекіткен оқуға қабылдау қағидаларында айқындалады.
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдармен оқыту шарты жасалған жағдайда, ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет.
Білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес даярлаудың өзге де бағыттары бойынша бөлінуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматы осы Заңның 21-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында көзделген жағдайларда ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлауға жіберілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді сақтамау Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуды тоқтатуға және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығаруға алып келеді.
Қазақстан Республикасының азаматы осы Заңның 21-бабының
2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда басшы лауазымдарға орналасу үшін даярлауға жіберілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді сақтамау оқуды тоқтатуға және бюджет қаражаты есебінен оқуға жұмсалған шығыстарды өтеуге алып келеді.
Мемлекеттік қызметке кіретін Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жасы бойынша шектеу лауазымдық өкілеттік мерзімдері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарға қолданылмайды.
Осы бапта көзделмеген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматын саяси мемлекеттік лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті ғана тағайындауы мүмкін.
Әскери лауазымдарға және құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың және азаматтық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына қойылатын жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, одан айырылу не шығу салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған:
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа толмаған;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес біліктілік талаптарына сай келмейтін;
4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
5) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған не лауазымдық өкілеттігін орындауға кедергі келтіретін аурулардың тізбесіне, сондай-ақ мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін денсаулық жағдайына қойылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін талаптарға сәйкес медициналық мекеменің қорытындысы негізінде лауазымдық өкілеттігін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;
6) осы Заңда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
7) мемлекеттік қызметке кіру уақытына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
8) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарға орналасу құқығынан айырған;
9) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған;
10) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде құқық қорғау қызметінен, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ теріс себептермен судьяның өкілеттігін тоқтатқан Қазақстан Республикасының азаматы қабылданбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздыққа байланысты атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты жұмыстан шығарылған адамға қолданылмайды;
11) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты Қазақстан Республикасы азаматы шығыстарының оның кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттігін тоқтатқан;
12) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде сенімнен айырылуына байланысты саяси мемлекеттік лауазымнан шығарылған;
13) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылған;
14) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
15) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
16) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы сегіз жыл ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе
36-бабының негізінде босатылған (бұл ретте жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне, меншікке, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілікке, мемлекеттік қызмет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар немесе болған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметке қабылданбайды);
17) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
18) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және
12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматы қабылданбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
Мемлекеттік қызметке кірген Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.
1) құқық қорғау органдарының және азаматтық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін;
2) қатардағы және кіші басшы құрамдардың лауазымдарына алғашқы кәсіптік даярлауға түсетін;
3) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
6-бабының 8-тармағында, 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының
1-тармағында көзделген адамдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарындағы және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін Қазақстан Республикасының азаматтарын тестілеу тәртібі мен бағдарламаларын құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басшы құрамы мен атқарушылық құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша бекітеді.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Біліктілік талаптарына сәйкестікті тиісті аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттардың негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Сайланатын мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматы біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынады, олардың тізбесін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметтің кадр резервіне кандидаттарды алу туралы шешім шығарылған күннен бастап резервтегі адам мәртебесіне ие болады және оны Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтің кадр резервінен шығарылған күннен бастап жоғалтады.
Президенттік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтарын тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы уәкілетті комиссияның шешімімен Президенттік жастар кадр резервіне алынған күннен бастап үш жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, өңірлік жастар кадр резервіне алынған Қазақстан Республикасының азаматтарын тағайындау астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған күннен бастап екі жыл ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
25-бап. Саяси мемлекеттік лауазымға орналасу
Саяси мемлекеттік лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды өкілеттігіне сәйкес сондай құқығы бар лауазымды адам (орган) не осы өкілеттік берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.
Саяси мемлекеттік лауазымға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптары болған жағдайда, оларға сай болуға тиіс.
Тағайындау алдындағы бір жыл ішінде өзінің тікелей қарамағындағы мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін орнынан түскен саяси мемлекеттік қызметшіні саяси мемлекеттік лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
26-бап. Мемлекеттік лауазымға сайлану
27-бап. «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік
лауазымына орналасу
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары басшыларының, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдарын қоспағанда, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына тағайындауды және лауазымнан босатуды өкілеттігіне сәйкес сондай құқығы бар лауазымды адам (орган) не осы өкілеттік берілген өзге де лауазымды адам (орган) уәкілетті комиссиямен келісу бойынша жүзеге асырады.
«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жататын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары басшыларының, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдарына тағайындау уәкілетті органмен келісуден өту шартымен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының азаматтарын «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келісусіз тағайындайды және оларды лауазымдардан босатады.
«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісімен еңбек шартын жасасу, ұзарту және бұзу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес өзге бос мемлекеттік лауазымды ұсынады.
Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан жағдайда ол жұмыстан шығарылуға тиіс. Бұл ретте кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.
Мемлекеттік лауазымы «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметші «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына өзі немесе өзге де адам қабылданғанға дейін жұмысын жалғастыруға құқылы.
Бос мемлекеттік лауазым болмаған және (немесе) мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан жағдайларда ол жұмыстан шығарылуға тиіс. Бұл ретте кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.
28-бап. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік
лауазымына орналасу
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына тағайындау және лауазымнан шығаруды (босатуды) өкілеттігіне сәйкес сондай құқығы бар лауазымды адам (орган) не осы өкілеттік берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.
Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тестілеу рәсімдерінен алдын ала өткен азаматтар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қажет болған кезде конкурс уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге де тәсілдермен өткізіледі.
Конкурс қорытындысы туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметші емес Қазақстан Республикасының азаматтарымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі және уәкілетті орган бекітетін үлгілік еңбек шартының негізінде ресімделеді.
Еңбек қатынастары тараптардың келісімі бойынша белгіленетін, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңге жүзеге асырылады.
«Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымын атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жұмыскерлердің құқықтары, бостандықтары мен кепілдіктері бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызмет өткерумен және онда болумен байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Осы адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
«Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымында көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.
1) қызметтегі судьялар, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары;
2) өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін кемінде алты ай орындаған және оны тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;
3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын саяси, сайланатын және әкiмшілiк мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттік лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін кемінде алты ай орындаған және оны тоқтатқан саяси мемлекеттік қызметшілер;
4) халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын озық шетелдік жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейіні бойынша доктор) бойынша оқуды аяқтаған адамдар;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар.
1) өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері;
2) өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде сайланған мемлекеттік қызметшілер;
3) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда және оның аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына – оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуын бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, мәслихат аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, тексеру комиссиясынан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына – оқуды аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар;
5) мынадай:
ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) атқарушы органының басшы емес лауазымына;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына – оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар;
6) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жастар кадр резервіне алынған адамдар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларының ережелері осы Заңның 19-бабының 5-тармағында және 20-бабының
5-тармағында аталған адамдарға қолданылмайды.
1) орталық мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының орынбасары.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасқан адамдарды мемлекеттік органның ішінде кейіннен ауыстыруға жол берілмейді.
Ескертпе. Осы бапта халықаралық қызметшілер деп мемлекеттік қызметші емес, қызметін халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшілер болатын Қазақстан Республикасының азаматтары танылады.
29-бап. Мемлекеттік органды құру кезеңінде Қазақстан
Республикасының азаматтарын жұмысқа қабылдау
Ұзартуға болмайтын осы мерзім ішінде аталған мемлекеттік лауазымдар осы Заңға сәйкес бос болмауға тиіс.
Мемлекеттік қызметші емес Қазақстан Республикасының осындай азаматтарымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңінде Қазақстан Республикасының осы азаматтарына мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының осы азаматтарының құқықтары еңбек шартында айқындалады.
Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.
Мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.
Осы тармақтың ережелері штат саны жиырма бес бірліктен кем мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
30-бап. Мемлекеттік лауазымға ресімдеу
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері мемлекеттік цифрлық кадрлық жүйеде электрондық нысанда қалыптастырылады. Қажет болған кезде жеке істер қағаз түрінде қалыптастырылуы мүмкін.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, ол қабылдаған шектеулерді жазбаша түрде тіркейді.
Мемлекеттік қызметтің кадрлық іс жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын уәкілетті орган айқындайды.
Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Саяси мемлекеттік қызметшіге, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайы Аппаратының, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне оның мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттігін растайтын құжат болатын қызметтік куәлік беріледі.
Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді.
Қажет болған кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру картасы берілуі мүмкін.
Сайланған мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттігін растайтын тиісті қызметтік куәлік беріледі. Қажет болған кезде оған сәйкестендіру картасы берілуі мүмкін.
6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ
31-бап. Мемлекеттік қызметшінің ант беруі
Мемлекеттік қызметшілер антының мәтіні Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленеді.
Ант беруден бас тарту мемлекеттік қызметті тоқтатуға алып келеді.
Мемлекеттік қызметшінің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын Қазақстан Республикасы азаматының жұмыс орны мемлекеттік органнан тыс жерде белгіленген не қашықтан немесе қашықтан аралас жұмыс істеу режимін қолдану көзделген жағдайларды қоспағанда, осы органның орналасқан жері бойынша айқындалады.
Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшіні, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын Қазақстан Республикасының азаматын лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, байланыс құралдарымен, цифрлық жүйелермен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымдық нұсқаулықпен танысуға міндетті.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
35-бап. Лауазымдық орын ауыстыру және
мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету
Жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп жоғары тұрған санаттағы лауазымдар не неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын өзге де санаттағы лауазымдар түсініледі.
Тең дәрежелі мемлекеттік лауазымдар деп бір санаттағы лауазымдар не мәні бойынша бірдей немесе ұқсас біліктілік талаптары қойылатын өзге де санаттағы лауазымдар түсініледі.
Төмен тұрған мемлекеттік лауазымдар деп төмен тұрған санаттағы лауазымдар не неғұрлым төмен біліктілік талаптары қойылатын өзге де санаттағы лауазымдар түсініледі.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне бір мемлекеттік лауазым шеңберіндегі лауазымдық айлықақының мөлшерін айқындайтын лауазымдық деңгей белгіленеді.
«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің лауазымдық деңгейін төмендету тәртіптік жаза қолданылған жағдайда немесе бағалау және аттестаттау нәтижесінің негізінде жүзеге асырылады.
«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің құзыреттерін кешенді бағалауды жүргізу тәртібі, сондай-ақ кешенді бағалауға жататын мемлекеттік лауазымдардың тізбесі «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық деңгейін өзгерту қағидаларында айқындалады.
36-бап. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік
лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу
Мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасуына уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіпке сәйкес жол беріледі.
37-бап. Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау
Саяси мемлекеттік қызметшілер мен «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін ротациялау оларды бос немесе уақытша бос саяси мемлекеттік лауазымдар мен «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына не «А» корпусының саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін ротациялау оларды «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына не «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Ротациялау мерзімі басталған кезде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі және одан аз жыл қалған мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде осы қызметшіні ротациядан босату туралы акт қабылданады.
Мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларда ротациядан бас тарту, осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету не жұмыстан шығару жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болуы мүмкін. Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады.
Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзге шешім қабылдамаса, адамды алдыңғы лауазымынан ротациялау жүзеге асырылған, сондай-ақ ротациядан бас тартуына байланысты лауазымы төмендетілген немесе жұмыстан шығарылған лауазымға бір жыл ішінде тағайындауға жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметші өз еркімен не өзге лауазымға орналасуына байланысты бұрын атқарған лауазымынан босатылған кезден бастап бір жыл ішінде сол лауазымға тағайындалған жағдайда бұрын жұмыс істеген кезеңі ротация жүргізу мерзімінде ескеріледі.
Басқа елді мекенге ротациялау кезінде мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы төленеді, жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындар өтеледі, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтік тұрғынжай беріледі. Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымдық міндеттерін атқаруы кезеңінде ротациялық төлемдер жүргізіледі.
Басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің ротациясын үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, он төрт жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып саналатын) жалғызбасты ата-аналар, көпбалалы ата-аналар (қорғаншылар) болатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы
(ата-аналары), жұбайы (зайыбы) не Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген жасына байланысты зейнеткер ата-анасы (зейнеткер ата-аналары) бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.
Бұл ретте көрсетілген мән-жайлар атқаратын лауазымында болу мерзімі сегіз жылдан аспайтын, мемлекеттік қызметшінің ротациясын жүргізу мерзімін ұзартуға негіз болады.
Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
38-бап. Мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу
39-бап. Міндеттерді уақытша жүктеу
Орталық мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері басшыларының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары, аудандық атқарушы органдар, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары басшыларының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.
Мемлекеттік қызметшіге негізгі лауазымы бойынша міндеттерді орындауымен қатар бір ғана мемлекеттік лауазым бойынша міндеттерді атқару уақытша жүктелуі мүмкін.
Сайланған мемлекеттік қызметшіге саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымның міндеттері жүктелмейді. Сайланатын мемлекеттік лауазымның міндеттері әкімшілік мемлекеттік қызметшіге уақытша жүктелуі мүмкін. Міндеттерді уақытша жүктеу жоғары тұрған әкімнің актісімен жүзеге асырылады.
Сайланған мемлекеттік қызметшінің немесе «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің міндеттері «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне жүктелмейді.
Мемлекеттік органдар басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшы лауазымның міндеттері жүктелмейді.
Бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару кезеңін қоспағанда, басқа лауазымның міндеттерін уақытша атқару мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттеріне кіретін жағдайда мемлекеттік қызметшілерге басқа лауазымның міндеттерін уақытша атқару кезеңінде қосымша ақы жүргізілмейді.
40-бап. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқыту процесін қамтиды.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау лауазымдық міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті жаңа және қосымша кәсіптік білім алуына бағытталған оқыту курстарын қамтиды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшінің құзыреттерін сақтауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге арналған оқыту семинарларын қамтиды.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік қызметші қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген кезде оның жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) мен жалақысы сақталады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзімі және оқуға түсу тәртібі көрсетілген білім беру ұйымдары бекітетін оқуға қабылдау қағидаларында айқындалады.
Саяси, сайланатын және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген, мемлекеттік органдағы тұрақты штаттық мемлекеттік лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер олардың оқу және кейіннен жұмыспен өтеу мерзімдері құжаттарды тапсыру кезінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жастан аспаған жағдайда, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытуға арналған конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымына және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға түскен мемлекеттік қызметшімен оқыту шарты жасалады, онда оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен өтеу жөніндегі талап көзделеді. Оқыту шартының нысаны, оны жасау, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымы және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы бекітетін оқуға қабылдау қағидаларында айқындалады.
Оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемелерді орындамау адамның өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқуға байланысты шығындарды мемлекетке өтеуіне алып келеді. Шығыстарды өтеу нақты жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.
Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті тоқтата тұру және тоқтату, жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында және оқыту шартында айқындалады.
Жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттің орындалуын мониторингтеуді уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымы жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуды аяқтаған мемлекеттік қызметшілердің жұмыспен өтеуін мониторингтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Әкімшілік мемлекеттік қызметші үш жылда кемінде бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.
Саяси мемлекеттік қызметшілер, сайланған мемлекеттік қызметшілер және «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында көзделген тәртіппен оқу сабақтарын өткізуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың құнын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша өзге білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында және мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілікті арттыру қағидаларында айқындалады
41-бап. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы
Уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үш жылда кемінде бір рет тағылымдамадан өтеді.
42-бап. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары басшыларының, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдарын қоспағанда, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісі қызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті комиссиямен келісу бойынша онымен еңбек шартын бұзуға негіз болады.
«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына жататын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің басшылары қызметінің қанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті органмен келісу бойынша олармен еңбек шартын бұзуға негіз болады.
«А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің нақты мемлекеттік лауазымда болу мерзімі үш айдан аз болған жағдайда, оның қызметін бағалау жүргізілмейді.
«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің қызметін бағалау бойынша қанағаттанарлықсыз бағалар алуы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізу қағидаларына сәйкес:
1) келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болған кезде – лауазымдық деңгейін төмендетуге;
2) келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болмаған кезде – уақытша бос мемлекеттік лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік органда келесі төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші біліктілік талаптарына сай болғанда – мемлекеттік лауазымын төмендетуге (мемлекеттік лауазымын төмендету конкурс өткізілмей жүзеге асырылады) алып келеді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарылуға тиіс.
43-бап. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау
1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылату ұсынылады;
2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымдық деңгейін жоғарылату ұсынылады;
3) лауазымдық деңгейіне сай емес және келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болған кезде төмендету ұсынылады;
4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендету ұсынылады;
5) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және жұмыстан шығару ұсынылады.
44-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері
1) мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу;
2) мемлекеттік қызметшілерді шет елдерде оқыту;
3) шетелдік мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды Қазақстан Республикасында оқыту;
4) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру.
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
45-бап. Құқыққа сыйымсыз әрекеттерден қорғау
Мемлекеттік қызметшілерді қорлау, күш қолданумен қорқыту немесе олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, мүлкіне қол сұғу, оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басқа да әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге заң көмегін өзге де адамдар өтеусіз көрсетуі мүмкін.
46-бап. Жұмыс уақытының режимі
Осы бапта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшілер үшін толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.
Осы бапта және осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына қырық сағаттан аспауға тиіс.
Осы бапта белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аз уақыт толық емес жұмыс уақыты деп есептеледі, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыстың ұзақтығын қысқарту;
2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын азайту;
3) бір уақытта күнделікті жұмыстың ұзақтығын қысқарту мен жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын азайту.
Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеу мемлекеттік қызметші үшін ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының, ақы төленетін қосымша демалыс күндерінің ұзақтығын шектеуге, мемлекеттік қызмет өтілін есептеуді және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген басқа да құқықтарды шектеуге алып келмейді.
Үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы мемлекеттік органның актісінде белгіленеді.
Жұмыстың аяқталуы мен оның келесі жұмыс күні басталуы арасында мемлекеттік қызметшінің күнделікті демалу ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.
Мемлекеттік қызметші лауазымдық міндеттерін орындау үшін өз жабдығын, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық объектілерді және өзге де құралдарды пайдаланған, сондай-ақ көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын көтерген жағдайда, мемлекеттік орган өтемақы төлейді, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі мемлекеттік қызметшімен келісу бойынша белгіленеді.
Қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулері сақтала отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді.
47-бап. Жұмыс уақыты режимімен байланысты кепілдіктер
Мемлекеттік қызметшіге демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін мемлекеттік қызметшінің күндік мөлшерлемесі негізге алынып, бір жарым еседен төмен емес жоғарылатылған мөлшерде ақы төленеді.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеуге арналған шығыстарды жоспарлау кезінде олардың мөлшері тиісті қаржы жылына бекітілген, мемлекеттік органның штат бірліктері жалпы санының бір пайызы шегінде белгіленеді.
Демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша оған тиісті демалу күндері (сағаттары) беріледі.
Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жіберілмейді.
Үстеме жұмыс бір жұмыс күні ішінде екі сағаттан аспауға тиіс. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан аспауға тиіс.
Үстеме жұмыс кезінде мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін демалу күндері (сағаттары) беріледі не үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленеді.
Жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар үстеме жұмысқа жіберілмейді.
1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болғызбау не олардың салдарын дереу жою үшін;
2) адамның еңбек қызметімен, қаза табуымен немесе мүліктің бүлінуімен байланысты жазатайым оқиғаларды болғызбау және
тергеп-тексеру үшін;
3) жалпы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің бұдан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін;
4) төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген не өзге де шектеу
іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде, сондай-ақ адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін басқа да айрықша жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жол беріледі.
48-бап. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлеріне бонус төлеу, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
1) іссапарға байланысты берілген, жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшаны өтеу үшін;
2) мемлекеттік қызметшіге жалақы есебінен берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
3) ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндері ауыстырылған немесе мемлекеттік қызметші олардан кері шақыртып алынған жағдайда;
4) мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.
49-бап. Мемлекеттік қызметшілердің демалыстары
Сайланған мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адаммен келісу бойынша өз актісін шығару арқылы демалысқа кетеді немесе ақы төленетін қосымша демалыс күндерін пайдаланады. Сайланған мемлекеттік қызметшіні ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндерінен кері шақыртып алу жоғары тұрған лауазымды адамның шешімімен жүзеге асырылады.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы мемлекеттік қызметшіге күнтізбелік жылда бір рет толық көлемде бір уақытта төленеді және бір жұмыс жылында бір реттен артық берілмейді. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөліктерге бөлініп пайдаланылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы демалыстың бір бөлігімен бірге төленеді.
Бір жыл iшiнде басқа мемлекеттік лауазымға лауазымдық орын ауыстыру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы, егер ол бұрынғы мемлекеттік лауазымда сол күнтiзбелiк жыл ішінде берiлген болса, төленбейді.
1) жұмыс өтілі он және одан көп жыл болса – ұзақтығы күнтізбелік үш күн;
2) жұмыс өтілі он бес және одан көп жыл болса – ұзақтығы күнтізбелік бес күн;
3) жұмыс өтілі жиырма және одан көп жыл болса – ұзақтығы күнтізбелік он күн.
Мемлекеттік қызметшілерге саламатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұзақтығы күнтізбелік үш күн қосымша демалыс күндері беріледі.
Ақы төленетін қосымша демалыс күндері ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады және мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша онымен бір уақытта немесе бөлек берілуі мүмкін.
Демалыс кестесіне өзгерістер енгізуге тараптардың өзара келісімі бойынша жол беріледі.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндері мемлекеттік қызметшіге демалыс кестесіне сәйкес міндетті түрде беріледі.
Мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы, ақы төленетін қосымша демалыс күндері бөліктерге бөлініп берілуі мүмкін. Бұл ретте ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының бір бөлігінің ұзақтығы кемінде күнтізбелік екі аптаны құрауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің пайдаланылмаған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын, ақы төленетін қосымша демалыс күндерін немесе көрсетілген демалыстардың бір бөлігін келесі жұмыс жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ауыстыруына жол беріледі.
1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттары (зайыбының (жұбайының) аға-інілері,
апа-сіңлілері (қарындастары) мен балалары) қайтыс болған;
2) некеге тұрған;
3) бала туған, бала асырап алған;
4) тараптардың өзара келісуі бойынша өзге де жағдайларда берілуі мүмкін.
Ақы төленетін қысқа мерзімді демалыс тиісті оқиға болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей берілген, мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша беріледі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшіге оқу демалысы, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған жағдайда оқу демалысы мемлекеттік органның келісімі бойынша беріледі.
Қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген кезде мемлекеттік қызметшіге жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) мен жалақысы сақтала отырып, оқу демалысы беріледі.
Оқу демалысындағы мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған, қызметтік әдеп нормаларын бұзған жағдайларда, оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау үшін оның келісімінсіз оқу демалысынан кері шақыртылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару жағдайларын қоспағанда, оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін оқу демалысы қайта басталады.
Мемлекеттік қызметшіні оның келісімінсіз ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндерінен кері шақыртып алуға мынадай жағдайларда:
1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болғызбау не олардың салдарын дереу жою үшін;
2) адамның еңбек қызметімен, қаза табуымен немесе мүліктің бүлінуімен байланысты жазатайым оқиғаларды болғызбау және
тергеп-тексеру үшін;
3) төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген не өзге де шектеу
іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде, сондай-ақ адамның өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда жол беріледі.
Пайдаланылмаған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндерінің қалған бөлігі мемлекеттік қызметшіге күнтізбелік жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндерінің пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
50-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруіне
байланысты кепілдіктер
Бұл жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік лауазымға қайта тағайындау туралы
тиісті акт шығарады.
Бұл жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік лауазымға қайта тағайындау туралы акт шығарады.
Тең дәрежелі мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда, әкімшілік мемлекеттік қызметші белгіленген біліктілік талаптарына сай болғанда оған өзге мемлекеттік лауазым ұсынылады. Өзге мемлекеттік лауазым болмаған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылуға тиіс.
Өзге бос мемлекеттік лауазым болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді уақытша бос мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға жол берілмейді, бұған уақытша болмаған мемлекеттік қызметшіні алмастыру не әкімшілік мемлекеттік қызметшінің өзінің келісім беру жағдайлары кірмейді.
Ұсынылатын мемлекеттік лауазым туралы хабарламаны алған әкімшілік мемлекеттік қызметші қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Көрсетілген мерзімде шешім болмаған немесе ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартылған жағдайда ол жұмыстан шығарылуға тиіс.
Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар әкімшілік мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығарылған кезде төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан аз болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшіге бір орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
ұсынылады.
Тең дәрежелі мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда, әкімшілік мемлекеттік қызметші белгіленген біліктілік талаптарына сай болғанда оған сол мемлекеттік органда өзге мемлекеттік лауазым ұсынылады. Өзге мемлекеттік лауазым болмаған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылуға тиіс.
Өзге бос мемлекеттік лауазым болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді уақытша бос мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға жол берілмейді, бұған уақытша болмаған мемлекеттік қызметшіні алмастыру не әкімшілік мемлекеттік қызметшінің өзінің келісім беру жағдайлары кірмейді.
Ұсынылатын мемлекеттік лауазым туралы хабарламаны алған әкімшілік мемлекеттік қызметші қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Көрсетілген мерзімде шешім болмаған немесе ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартылған жағдайда ол жұмыстан шығарылуға тиіс.
Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар әкімшілік мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығарылған кезде басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді. Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан аз болған кезде әкімшілік мемлекеттік қызметшіге бір орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Жұмыстан шығу жәрдемақысын алған әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылғаннан кейін үш ай ішінде осы тармаққа сәйкес өзіне мемлекеттік лауазым ұсынылған мемлекеттік органға қабылданған жағдайда, жұмыстан шығу жәрдемақысын қайтаруға міндетті.
Ескертпе. Осы тармақтың мақсаттары үшін дербес заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттік орган басқа мемлекеттік орган деп түсініледі.
51-бап. Мемлекеттік органды көшіру
Мемлекеттік органды көшіру Қазақстан Республикасы Президентінің актісі негізінде жүзеге асырылады.
1) мемлекеттік функциялардың үздіксіз орындалуын және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде олардың еңбек ету және әлеуметтік кепілдіктерге құқықтарын сақтау;
3) мемлекеттік органды көшіруге бөлінген бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Мемлекеттік органды көшіруге байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
52-бап. Мемлекеттік қызметшілерді
әлеуметтік қорғау шаралары
Мемлекеттік қызметшілердің оларды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін әзірленген жеңілдікті тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға құқығы бар. Мұндай бағдарламаларға қатысу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Басқа елді мекенге тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қалпына келтіру, сондай-ақ олардың жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Басқа елді мекенге тағайындалған кезде тұрғын үй төлемдеріне, көтерме жәрдемақыға, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізбесі басқа елді мекенге тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қалпына келтіру, сондай-ақ олардың жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларында айқындалады.
53-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде
мемлекеттік қызметті өткеру ерекшеліктері
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төлемдер:
1) мемлекеттік қызметшінің кінәлі екені заңды күшіне енген соттың айыптау үкімімен белгіленген жағдайда, ол еңбекке уақытша жарамсыздықты қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде лауазымдық міндеттерін орындағанда алса;
2) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан туындаған аурулардың салдарынан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;
3) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына, қосымша демалыс күндеріне, қысқа мерзімді демалысқа, жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;
4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда төленбейді.
Еңбекке уақытша жарамсыздықтың белгіленген мерзімінің аяқталуы мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға негіз болады.
Осы тармақтың күші мемлекеттік қызметшінің жүктілікке, босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста болу жағдайларына қолданылмайды.
Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алған өндірістік жарақаттарға не мертігулерге (жаралануларға, контузияларға, жарақаттарға) байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді.
54-бап. Мемлекеттік қызметшілерді зейнетақымен
және әлеуметтік қамсыздандыру
Мемлекеттік қызметшілерді зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
55-бап. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іссапарлар
кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік іссапарда болған уақыты үшін тәулікақы алуға, межелі жерге баруға және кері қайтуға жол жүру шығыстарын, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын өтеуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер мен құқық қолданылады.
56-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі
персоналының кепілдіктері мен өтемақылары
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының кепілдіктері мен өтемақылары «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
57-бап. Мемлекеттік қызметшілерді әскери
қызметке шақыру кезіндегі кепілдіктер
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қоспағанда), әскери жиындардан өтуге шақырылған жағдайда оларға әскери қызмет (әскери жиындар) кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады, ал резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалған жағдайда жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.
8-тарау. ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП
1) біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі сыйлықақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу;
7) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алған кезде онымен бір уақытта бір ай ішінде көтермелеудің басқа да нысандары қолданылмайды.
Бір реттік ақшалай сыйақы түріндегі сыйлықақы беруді, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге қатысты көтермелеуді қолданудың үлгілік қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
60-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы
Заңдық жауаптылық қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықты қамтиды.
Саяси жауаптылық саяси мемлекеттік қызметшілердің орнынан түсуіне, сенімнен айырылуына не мемлекеттік лауазымға тағайындауға және атқаратын мемлекеттік лауазымнан босатуға уәкілеттік берілген лауазымды адамның (органның) өкілеттікті тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты олардың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді.
Саяси мемлекеттік қызметшілер саяси және заңдық жауаптылықта болады.
Сайланбалы мемлекеттік қызметшілер сайлауалды бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізбегені және (немесе) өздерінің лауазымдық өкілеттігі шеңберінде қабылдайтын не іске асыратын шешімдері үшін де халық алдында жауаптылықта болады, ол орнынан түсуге байланысты немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайларда олардың өкілеттігін тоқтатуды қамтиды.
Мемлекеттік қызметшінің көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты, өкімді орындауы оны жауаптылықтан босатпайды.
Мемлекеттік қызметші орындау үшін алынған бұйрықтың, өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде бұл туралы өзінің тікелей басшысына және бұйрықты, өкімді берген басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы және басшы бұйрықты, өкімді жазбаша растаған жағдайда, егер оларды орындау қылмыстық құқық бұзушылықтарға немесе әкімшілік құқық бұзушылықтарға жататын әрекеттерге алып келмесе, мемлекеттік қызметші оларды орындауға міндетті.
Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз бұйрықты, өкімді орындауының салдарлары үшін тікелей басшы немесе бұйрықты, өкімді растаған басшы жауапты болады.
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінәсінің арасында байланыс анықталған;
2) аталған адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісі болған не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10),
11) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қысқартқан жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік
теріс қылықтары және тәртіптік жазалар
Тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай тәртіптік жаза түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту;
5) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету;
6) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;
7) сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану;
8) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету түріндегі тәртіптік жаза келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болған кезде қолданылады. Ол болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.
Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару және сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегі тәртіптік жаза осы Заңда көзделген негіздер бойынша қолданылады.
1) мұндай өкілеттігі бар лауазымды адам (орган) не осындай өкілеттік берілген өзге де лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – тәртіптік жаза қолдануға уәкілетті адам) қолданады;
2) бірінші тәртіптік жазаны қолдану заңды болса және тәртіптік жаза теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келсе, сол бір теріс қылық үшін қайта қолданылмайды;
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне сәйкес қолданылады.
1) саяси мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану
кезінде – саяси мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган);
2) сайланған мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану
кезінде – жоғары тұрған лауазымды адам;
3) жергілікті өкілді орган тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшіні қоспағанда, әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – әкімшілік мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган);
4) жергілікті өкілді орган тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – жергілікті өкілді орган не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (уәкілетті орган).
Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын алқалы орган Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне сәйкес қарайды.
Сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда жергілікті өкілді орган шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Жергілікті өкілді органның шешімі негізінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін жоғалту фактісін назарға алады.
62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін
тәртіптік теріс қылықтар
1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;
2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;
3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;
5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;
6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілуі көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беруі көзделмеген ақпаратты мұндай тұлғалардан талап етуі;
9) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;
10) адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;
11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;
12) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;
13) кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оны бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;
14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;
15) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.
Мемлекеттік қызметшінің шотына аталған адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын орындауына байланысты осы тармақшаның бiрiншi бөлігінде көрсетілген бұзушылықпен алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың келіп түсу мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиіс;
16) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшін сыйлықтарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.
Мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты осы тармақшаның бiрiншi бөлігінде көрсетілген бұзушылықпен алған сыйлықтар сыйлық алынған күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер үшін қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.
Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші оларды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;
17) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:
жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;
егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның және (немесе) органның келiсiмiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;
18) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануы.
1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну;
2) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып табылады.
Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды сыйлық алынғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған көрсетілген қызметтердің құнын қызмет көрсетілгені туралы мемлекеттік қызметшіге мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті.
Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтарды қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді.
Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтарды қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді.
63-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары,
сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк
жауаптылыққа тарту кезiнде олардың
құқықтарына берілетін кепілдіктер
Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын болғызбайтын мән-жайлардың болмауы тәртіптік жаза қолданудың шарты болып табылады.
1) тәртіптік жаза қолдану мерзімінің аяқталуы;
2) тікелей басшы және басшы растаған құқыққа сыйымсыз бұйрықты, өкімді орындау;
3) егер жеке және заңды тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті өзге де тәсілдермен жою мүмкін болмаса, бұл қауіпті жою үшін мәжбүрлі шаралар;
4) бұзылуы тәртіптік жауаптылыққа алып келетін, бұрын шығарылған актінің немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылды деп тану, олардың күшін жою;
5) мемлекеттік қызметшіні лауазымды адам ретінде әкімшілік жауаптылыққа тарту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
1) жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) жасалған теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;
3) мемлекеттік қызметшінің жеке басын және оның қызметке көзқарасын сипаттайтын деректер;
4) мемлекеттік қызметші кінәсінің дәрежесі;
5) тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар;
6) тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар.
1) мемлекеттік қызметшінің өзінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы тікелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына ерікті түрде хабарлауы;
2) тәртіптік жаза болмаған кезде тәртіптік теріс қылық жасау және теріс қылық жасау фактісімен келісудің болуы;
3) тәртіптік теріс қылықты жеке немесе отбасылық ауыр мән-жайлар қалыптасқан кезде жасау;
4) тәртіптік теріс қылықты физикалық, психикалық не өзге де мәжбүрлеу салдарынан жасау;
5) теріс салдардың болмауы.
1) егер мемлекеттік қызметшіге бірінші теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылған және ол белгіленген тәртіппен алынбаған болса, сондай тәртіптік теріс қылықты қайталап жасау;
2) қарамағындағы мемлекеттік қызметшіні тәртіптік теріс қылық жасауға тарту;
3) тәртіптік теріс қылықты төтенше жағдай немесе өзге де шектеу шаралары енгізілген кезеңде жасау;
4) лауазымдық міндеттерді өрескел сақтамау;
5) тәртіптік теріс қылықты профилактикалық есепте болған кезеңде жасау;
6) тәртіптік теріс қылықты алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде немесе психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну салдарынан жасау.
1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді;
2) мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуі мен міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттер жасауды, қоғамдық резонанс тудырған қызметтік әдепті сақтамауды;
3) жұмыста алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуды, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдықты тудыратын заттарды тұтынуды;
4) мемлекеттік органның мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуді;
5) адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысы мен
қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етуді;
6) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етпеуді, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалануды;
7) теріс салдарға алып келген, мемлекеттік қызметтің имиджіне анық нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасауды;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де әрекеттер жасауды қамтиды.
64-бап. Тәртіптік жаза қолдану және
оның қолданылу мерзімдері
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда көзделген тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған және мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілері болған жағдайларда тәртіптік жаза қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарайтын алқалы орган тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымды тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адамға енгізген күн не аталған адамға мемлекеттік қызметшінің осы теріс қылықты өзінің жасау фактісімен келісетіні туралы жазбаша түсініктеме берілген күн мерзімнің өтуі басталатын, тәртіптік теріс қылық анықталған күн деп есептеледі.
Белгiлi бiр теріс қылықтың бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және ол анықталған кезде аяқталмаған тәртіптік теріс қылық созылып кеткен тәртіптік теріс қылық деп танылады.
1) мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;
2) мемлекеттік қызметші демалыста немесе іссапарда болған;
3) мемлекеттік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған;
4) мемлекеттік қызметші мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау уақытына өз міндеттерін атқарудан босатылған;
5) мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартумен байланысты мемлекеттік органдардың актілері мен материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасаған;