GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
28 сентября 2026
Кезекті 43-ші сессия өтті

Сессия жұмысы басталмас бұрын Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық аза тұту күнінің жариялануына орай, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында қаза болған әскери қызметшілердің рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздік жарияладық.

Күн тәртібінде қала объектілерінің жылу беру маусымына дайындығы, тұрақты комиссияның есебі, 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, жер қатынастарына қатысты шарт жобалары, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу және т.б. мәселелер қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

 

МӘСЛИХАТ СЕССИЯЛАРЫ
15 мая 2026
Кезектен тыс сессия өтті

Қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың  кезектен тыс қырықыншы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, полиция басқармасының басшысы, әкімдіктің бөлім және мекеме басшылары қатысты.    

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады. 

Сондай-ақ, сессияда «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы», «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» және т.б. мәселелер қаралды. Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

 

12 мая 2026
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарының назарына

Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 40 сессиясы 2026 жылғы 15 мамыр күні сағат 1000–де өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

  1. Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Әр түрлі.

 

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 14 мамыр күні сағат 1600 өтеді.

 

Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 15 мамыр күні сағат 0930 басталады.

 

Ескерту: Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 40 сессиясын «Тараз қалалық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

 

        Тараз қалалық

        мәслихатының төрағасы                                                     К.Олжабай

МӘСЛИХАТ СЕССИЯЛАРЫ
10 апреля 2026
Кезектен тыс сессия өтті
Бүгін қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың  кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, әкімдіктің бөлім және мекеме басшылары қатысты.  
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы дайындауға, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президентінің және Жалпыұлттық коалициясының Жетекшісінің Алғыс хаттарымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен бірнеше депутаттар марапатталды. 
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады. 
Сондай-ақ, сессияда «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы», Тараз қаласында 2026-2027 жылдарға арналған «Тараз-қауіпсіз қала» жобасын іске асыру іс-шаралар жоспарын бекіту туралы және т.б. мәселелер қаралды.  
Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссия
13 марта 2026
Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы келісімшарт жобалары қаралды
Бүгін қалалық мәслихатта инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Н.Мауленовтың төрағалығымен «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» мәселе қаралды.
 
Жиында қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бекежанов жер учаскелерінің тізімін баяндады. Отырыс барысында депутаттар меншік иелерінің келісімі туралы сұрап, өз сұрақтарын қойды.
 
Тұрақты комиссия отырысын қорытындылай келе, халық қалаулылары бес меншік иесінің келісімшарт жобасын келісу үшін сессия қарауына жолдап, бір меншік иесінің мәселесін тәуелсіз бағалаушының бағасына келіспеуіне байланысты кері қайтарды.
18 февраля 2026
Мәслихат төрағасы депутаттар алдында есеп бердім

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Г.Жауынбекова, қалалық полиция басқармасының өкілі және әкімдіктің бөлім басшылары мен т.б. қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қалалық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» мәслихат төрағасы К.Олжабай есебін берді.

Сонымен қатар, «Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларының жағдайы туралы», «Қалалық мәслихаттың білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» және «Тараз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралып, депутаттар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тиісті шешімдер қабылданды.

11 февраля 2026
Конституциялық реформа туралы кезекті рет кездесу өтті

Бүгін қалалық полиция басқармасында Конституциялық реформаға арналған кездесу өтті.

Жиында қатысушыларға реформаның негізгі бағыттары, заң үстемдігін қамтамасыз ету және т.б. мәселелер түсіндірілді.

Сонымен қатар, реформалардың құқық қорғау органдары қызметіне әсері мен қоғамдағы жауапкершілікті арттырудағы рөлі талқыланды.

11 февраля 2026
Конституциялық реформа талқыланды

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасында Конституциялық реформаға арналған мазмұнды кездесу өтті.

Жиында ел Конституциясына енгізілген жаңа өзгерістердің маңызы мен оларды жүзеге асырудың негіздері түсіндірілді.

Кездесуде басқарма қызметкерлері белсенділік танытып, реформаға қатысты өз ойларын білдірді.

10 февраля 2026
Конституциялық реформа - саяси өзгерістің бастауы

Жамбыл жылу мекемесінің ұжымымен Конституциялық реформаға арналған кездесу өтті.

Іс-шара барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың қоғам дамуына тигізетін әсері жан-жақты түсіндірілді.

Жиында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

10 февраля 2026
Конституция жобасы түсіндірілді

«Қазақстан Темір Жолы» мекемесінің қызметкерлерімен Конституциялық реформа аясында кездесу өтті. 

Жиында реформа аясындағы негізгі өзгерістер, оның ел дамуы мен азаматтардың құқықтарын нығайтудағы маңызы  түсіндірілді. 

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен басқосу еңбек ұжымы үшін маңызды әрі пайдалы болды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы