2026 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының
заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау
жөніндегі тұрақты комиссиясының
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
I-тоқсан
- Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында қала аумағында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы.
- Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы. (Тараз қаласы әдеп жөніндегі уәкілі).
II-тоқсан
- Қала аумағында жастар мен еріктілер қозғалысын дамыту, қоғамдық белсенділікті арттыру бағытындағы жұмыстар туралы.
- Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы. (Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы).
III-тоқсан
- Қала аумағындағы экологиялық талаптардың сақталуы және тазалық сақтау шаралары туралы.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы (Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі).
IV-тоқсан
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдармен орындалу барысы туралы (Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі).
- Тұрақты комиссияның 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.