2025 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының
инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және
жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
І тоқсан
- Жылыту маусымындағы атқарылған жұмыстардың жай-күйі;
- Тараз қаласында қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыру туралы;
- Тараз қаласындағы «Әулиеата» және «Жібек жолы» аудандарындағы атқарылған жұмыстардың барысы туралы.
ІІ тоқсан
- Тараз қаласында, оның ішінде тұрғын алқаптарында жолдар салу және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
- Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
ІІІ тоқсан
- Тараз қаласының объектілерін жылу беру маусымына дайындау барысы туралы;
- Инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру барысы, жер учаскелерін беру тетіктері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы;
- Қаланың тұрғын үй қорын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен тетіктері туралы.
ІV тоқсан
- Қаладағы экологиялық проблемалық мәселелер туралы;
- Тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.