2025 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының
экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссияның
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
І тоқсан
- Қаланы абаттандыруды дамыту саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы.
- Тараз қаласының бас жоспарына сәйкес бөлінген қаржылардың мақсатты пайдалануы туралы.
ІІ тоқсан
- 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
- Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджет қаражаты түсімдерін тиімді жоспарлауды және болжауды қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы.
ІІІ тоқсан
- Атқарушы органдардың әлеуметтік маңыза бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы.
- Тараз қаласын санитарлық тазалау мен көріктендіруді дамытуға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру туралы.
ІV тоқсан
- 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
- Тараз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
- Тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.