Меню

Страницы

Статья

Депутаттық қызмет

      Депутаттық әдеп қағидалары

      1. Мәслихат депутаттары:

      1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға құрметпен қарауға тиіс;

      2) өздері сөз сөйлегенде мәслихат депутаттарының және басқа да адамдардың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбауға тиіс;

      3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиіс;

      4) мәслихаттың, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс;

      5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.

      2. Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне пікір білдіргенде депутат анық, тексерілген фактілерді ғана пайдалануға тиіс.

      3. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мақсатта пайдаланбауға тиіс.

      4. Мәслихат депутаты депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде өзіне белгілі болған мәліметтерді, егер бұл мәліметтер мәслихат сессияларының, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, жария ете алмайды.

      5. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнаулы өкілеттігі жоқ мәслихат депутаты мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек өзінің атынан ғана байланысқа түсе алады.

      6. Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін мәслихат депутатына мінеу және (немесе) жария кешiрiм сұрауға мәжбүр ету түріндегі жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

Дата публикации
29 ноября 2022
Дата обновления
29 ноября 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

26 января 2026
2026 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
26 января 2026
2026 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
26 января 2026
2026 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы