Тараз қаласы 23 қараша 2023 жыл сағат 16.00
Төрағалық етуші: М.Жұманқұлов
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру туралы» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының жетекшісі:
М.Жұманқұлов -заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Ә.Даулетбаева - Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Ә.Жапарова - Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Э.Абдинова - Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Н.Мауленов - Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Шақырылғандар:
Тараз қалалық мәслихатының депутаттары, Тараз қаласының зиялы қауымы, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы және мүшелері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы және мүшелері, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы және өкілдері, қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ:
Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру туралы.
Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызына берілді.
Баяндаушы- Б.Тоқсанбаева:
«Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 5-тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар қаладағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде өзара бірнеше ауданға бөлінуі тиіс делінген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Тараз қаласында 427 мыңнан астам халық тұрады. Осыған байланысты шаһарды тиімді басқару және өзекті мәселелерді жедел шешу үшін екі аудан құру қажеттілігі туындап, екі әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Қала әкімінің 2023 жылғы 4 мамырдағы «Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру бойынша жұмыс тобын құру туралы» №43 өкіміне сәйкес қоғамдық, ардагерлер кеңестері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, тарихшыларды, ғалым-доценттерді, тіл жанашырларын қамти отырып жұмыс тобы құрылып, бірнеше отырысы өткізілген.
Отырыста жұмысшы топ мүшелері мен әлеуметтек желі арқылы қала тұрғындары тарапынан қаламыздың тарихына, тарихи атауларына байланысты тарихи жер-су, дәстүрлі атаулардан ұсыныстар жинақталып, талқыланды.
Атап айтсақ - Бірлік, Береке, Абай, Алатау, Д.Қонаев, Әулиеата, Жібек жолы, Керей, Жәнібек, Жамбыл, Тектұрмас, Қарахан, Алаш, Азия, Айша бибі, Талас, Келес Талас, Шахристан, Аса, Қаратау, Ұлы Дала, Атлах, Бәйдібек, Төле би, Тұран, Оңтүстік, Солтүстік, Жетісу, Сарыарқа, Адай, Тастемір, Шығыс, Батыс, Баласағұн, Б.Момышұлы, Ш.Мұртаза, Тараз 1, Тараз 2, Әл-Фараби, Кенесары хан, Жаңа қала, Отырар, Испиджаб, Мыңжылдық, Тәуелсіздік, Кенен, Қайқармет, Барысхан, Айрылмас, Түркістан, Абылай хан, Ә.Бөкейханов, Ш.Қалдаяқов, Шу, Ы.Сүлейменов, Жерұйық, Құтмекен.
Әлеуметтік желі арқылы ұсыныстарды зерделей келе Қаратау мен Алатау деген атауға 41,8 пайызы дауыс берсе, Талас пен Аса атауына 12,7 пайызы қолдау білдіріп, 9 пайызы жалпы атау беруге қарсы пікір білдірген.
Жұмысшы топ мүшелері мен қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығының талаптарына сәйкес Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке Қаратау мен Алатау атауы ұсынылып отыр.
Қаратау - Жамбыл облысының оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі - Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Алатау - Орталық Азия мемлекеттеріндегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
(Тараз қаласында 1-Қаратау көшесі, 1-Қаратау тұйық көшесі және 1-Қаратау шағынауданы бар, 1-Алатау көшесі, 1-Алатау тұйық көшесі, 2-Алатау кірме жолы, 1-Алатау шағынауданы бар).
Сіздердің тараптан қолдау тапқан жағдайда бұл ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады.
Атап айтқанда:
Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру туралы ұсыныстар:
№ Жаңадан берілетін атауы Көше, шағынаудан, даңғыл, т.б. бұрынғы атауы Берілген атаудың қысқаша мазмұны (тұлғаның қысқаша өмірбаяны туған жылы мен қайтыс болған жылы, атқарған қызметтері) Берілу себебі
1. Алатау ауданы Жаңадан құрылған аудан Алатау - Орталық Азия мемлекеттеріндегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
Атау беру мақсатында
2. Қаратау ауданы Жаңадан құрылған аудан Жамбыл облысының оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі – Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. Атау беру мақсатында
Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.
Қолдағандар - 5. Қарсы - жоқ. Қалыс – жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысының хаттамасы, жеті жұмыс күні ішінде қала әкімдігі мен мәслихаттың интернет-ресурстарында жариялансын.
2. Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру туралы мәселесі, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Жұмыс тобының жетекшісі: М.Жұманқұлов
Жұмыс тобының мүшелері:
Ә.Даулетбаева
Ә.Жапарова
Э.Абдинова
Н.Мауленов
Жұмыс тобының хатшысы: Г.Мұсаева