«Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен

мөлшерін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының

2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

1. «Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №5174-08 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының       97-бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешімге қосымшада айқындалған Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Тараз қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                                                                                               

 

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы

 

К. Олжабай

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 01.10.2026

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 40050 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Таразский городской маслихат - Главный специалист Гульжан Кудайбергеновна Мусаева, 25.09.2026 12:01:20, положительный результат проверки ЭЦП

Таразский городской маслихат - Председатель Таразского городского маслихата Кенжебек Мамашбайулы Олжабай, 25.09.2026 12:02:34, положительный результат проверки ЭЦП

 

Таразқалалықмәслихатының

2026 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 43-6

шешіміне қосымша

 

 

Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне

қосымша

 

 

Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде        № 33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрғын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

ағымдағы және жинақтау жарналарын;

коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

 

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

 

3. Қызмет алушының жиынтық табысын қызмет беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

         4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарыныңшекті жол берілетін деңгейі көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларының 4-1 тармағына сәйкес есептеледі.

5. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

6. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

7. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.

9. Тұрғын үй көмегi тағайындау қала бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

10. Көрсетілетін қызмет алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

 

 

 

ҚазақстанРеспубликасыныңӘділетминистрлігі

________ облысының/қаласыныңӘділетдепартаменті

Нормативтікқұқықтықакті 01.10.2026

Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттік

тіркеудіңтізіліміне№ 40050 болыпенгізілді

 

 

Дата публикации
12 октября 2026