«Талғар ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 20-76 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Талғар ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 20-76 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6102-05 болып тіркелген).
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков