«Талғар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Талғар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар аудандық мәслихатының «Талғар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. Сегізінші шақырылған Талғар аудандық  мәслихатының:

  • бюджет, экономика, денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қызметі, депутаттардың этикасы, білім, ішкі саясат, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, жастар ісі жөніндегі;
  • жер қатынастары, экология, ауыл шаруашылық, ветеринария, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм жөнiндегi;
  • заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар, қорғаныс істер мәселелері жөнiндегi;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары құрылсын.
  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

 

          Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы                                            М. Алибеков      

Дата публикации
23 января 2026