Талғар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілікті ететін Талғар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков