Талғар ауданының 10-сектор «Қотырбұлақ» қала құрылысы торабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы

Талғар ауданының 10-сектор «Қотырбұлақ» қала құрылысы торабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына және «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығының 19-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар ауданының 10-сектор «Қотырбұлақ» қала құрылысы торабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілсін (картографиялық құжаттар «Талғар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде).
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы                                            М. Алибеков

Дата публикации
21 октября 2025