«Талғар ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Талғар ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Кашкынбаевтың, бөлімнің құзіретіндегі негізгі міндеттер бойынша атқарылған жұмыстары және 2025-2026 жылдардағы от жағу маусымына дайындық мәселелері туралы есебі назарға алынсын.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков