«Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Талғар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Кисановтың, бөлімнің құзіретіндегі негізгі міндеттер бойынша атқарылған жұмыстары мен осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі қабылданған шаралар туралы есебі назарға алынсын.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков