Талғар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занңының 7-бабының 5 тармағына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талғар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының аппарат басшысы У. Даркенбаеваға жүктелсін.
Талғар аудандық
мәслихатының төрғасы М. Алибеков
Талғар аудандық мәслихатының
«Талғар аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 46-181 шешіміне қосымша
Талғар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
- Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы «Талғар ауданының Бесқайнар, Жалғамыс, Төңкеріс ауылдарын салудың бас жоспарларын және нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы» № 28-151 шешімімен бекітілген Жалғамыс ауылының салудың бас жоспары және нақты жоспарлау жобасы.
- Талғар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Талғар ауданы бойынша ауылдары салудың бас жоспарларын және нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы» № 40-242 шешімімен бекітілген Алатау ауылдық округінің Амангелді ауылының, Қайнар ауылдық округінің Тереңқара ауылының, Кеңдала ауылдық округінің Ақтас ауылының салудың бас жоспарларын және Алатау ауылдық округінің Алмалық, Байбұлақ ауылдарының, Қайнар ауылдық округінің Жаңалық ауылының, Кеңдала ауылдық округінің Ақдала ауылының салудың бас жоспарларына нақты жоспарлау жобалары.
- Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 шілдедегі «Талғар ауданының Бесағаш ауылын салудың бас жоспарын және нақты жоспарлау жобасын бекіту туралы» № 16-93 шешімі.
- Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы «Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округіндегі Жаңа қуат ауылын салудың бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы» № 56-239 шешімі.
- Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы «Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі Ақдала және Кеңдала ауылдарының бас жоспарларына өзгерістер енгізу туралы» № 34-107 шешімімен бекітілген Кеңдала ауылдық округі Кеңдала ауылының бас жоспары.