«Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Айтқожақованың есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Айтқожақованың Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыру мен әлеуметтік қолдау мәселелері туралы есебі назарға алынсын.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков