Депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20 быбының 3 тармағы 9) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар аудандық мәслихатының депутаты Туганбаев Жаныбек Жумабекович, өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамағаны, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспағаны үшін депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
- Осы шешімінің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихатының «Бюджет, экономика, денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қызметі, депутаттардың этикасы, білім, ішкі саясат, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, жастар ісі, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасына жүктелсін.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков