«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы №11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы №02-30 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1-тармағында:
5) тармақшасы мынадай келесі абзацпен толықтырылсын:
«Жаңа Қуат ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 472,0234 гектар болып белгіленсін;»;
6) тармақшасының 6-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Жалқамыс ауылының шекарасы (шегі) 23,5714 гектарға өзгертіліп, Жалқамыс ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 386,1314 гектар болып белгіленсін;»;
6) тармақшасының 7-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Көктал ауылының шекарасы (шегі) 26,6243 гектарға өзгертіліп, Көктал ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 305,0557 гектар болып белгіленсін;»;
6) тармақшасының 10-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Тереңқара ауылының шекарасы (шегі) 67,9061 гектарға өзгертіліп, Тереңқара ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 134,4061 гектар болып белгіленсін;».
Алматы облысы Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков
Алматы облысы Талғар ауданының
әкімі Т. Айдарбеков