Талғар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Алибеков |
Тағар аудандық мәслихаттың 2024 жылғы «11» маусымдағы № 25-94 шешіміне қосымша
Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
1) Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін тұрғын үйдің жалпы алаңының кемінде 30 (отыз) шаршы метрін құрайды;
2) газды тұтыну нормасы: газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау үшін газ шығыны: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар тамақ дайындау үшін тауарлық газды пайдаланатын – 1 отбасыға айына 10,0 текше метр, есептеу аспаптары бар нұсқауларға сәйкес, бірақ қолданыстағы нормадан жоғары емес. Пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін – отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);
3) электр энергиясын тұтыну нормасы: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 180 киловатт, 4 және одан көп адамға – 250 киловатт;
4) тұрғын жайларды жылыту үшін газды тұтыну нормасы: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар үшін тауарлық газды пайдалану кезде – айына 1 шаршы метрге 7,0 текше метр;
5) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару нормасы: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттары бойынша;
7) қатты отынды тұтынушылар үшін:пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына – төрт тонна көмір, бар қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны;
Қатты отынның құнын есептеу кезінде өңірде өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі;
8) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.
Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.