«Талғар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №16-62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1 және 4 тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 22 554 553 мың теңге:
салықтық түсімдер – 10 892 222 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 194 907 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 515 153 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7 952 271 мың теңге;
2) шығындар – 20 565 573 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 113 683 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 162 448 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 48 765 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 875 297 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-) 2 463 273 мың теңге:
қарыздар түсімі – 162 448 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 2 625 721 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
|
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Алибеков |
|
|
|
|