Талғар аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27065 болып тіркелген) шешімінің және Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6036-05 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы
|
|
М. Алибеков
|