Алматы облысы Талғар ауданы
Талғар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің басқару органдарының пікірі негізінде, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихаты шешімінің және Талғар ауданы әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес облыстық мәслихатқа және облыс әкімдігіне Талғар қаласының шекарасын (шегін), оның шегіне жалпы ауданы 853,1245 гектар Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің кейбір жерлерін енгізе отырып, өзгерту туралы ұсыныс енгізілсін.
- Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихаты шешімінің және Талғар ауданы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық
мәслихаттың төрағасы
Талғар ауданының әкімі