Талғар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Талғар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының  1) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 19 110 031мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 541 331 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 194 907 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 431 113 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 942 680 мың теңге;

2) шығындар – 19 221 126  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 113 683 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 162 448 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 48 765 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 121 734 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                       (-) 2 463 273 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 162 448 мың теңге;

          қарыздарды өтеу – 2 625 721 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері –  564 482 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

 

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілісін, оның ішінде:

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға;

елді мекендерді көркейтуге;

ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

ауылдық округ әкімдерінің қызметтерін қамтамасыз етуге.

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Талғар  ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 154 786 мың теңге сомада бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Талғар аудандық мәслихатының төрағасы

 

          М. Алибеков

 

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2024