Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін
бекіту туралы» 2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 34-193 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2014 жылғы 5 тамыздағы № 34-193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 83360 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы У. Даркенбаеваға жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы
|
|
М. Алибеков
|