«Талғар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 38-114 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 17 741 840 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 8 464 531 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 360 776 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 005 024 мың теңге;
трансферттер түсімі 8 011 509 мың теңге;
2) шығындар 17 650 748 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 9 430 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 36 225 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 45 655 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның
ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 200 522 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 200 522 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 197 958 мың теңге;
қарыздарды өтеу 830 178 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 431 698 мың теңге».
|
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Алибеков |