ЖОБА
Талғар аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27065 болып тіркелген) шешімінің және Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6036-05 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы У. Даркенбаеваға жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков
Нормативтік құқықтық актілерді
әзірлеу, келісу және мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жобаға түсіндірме жазба
Талғар аудандық мәслихатының «Талғар аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің
______________________________________________________________________
жобаның атауы
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы - «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына байланысты.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) - қаржылық шығындарды қажет етпейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкестігі.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері - заңдарда белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкестігі.
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер - Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27065 болып тіркелген) шешімі және Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-43 шешімі.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы - Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы».
- Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) – 20 ақпан 2024 жыл.
- Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат - жоқ.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі - сәйкес.
- Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері - жоқ.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М.Алибеков