«Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық
округіндегі «Lesnaya skazka-Aport-Aktas»
тау-курорттық аймағын салудың
бас жоспарын нақты жоспарлау
жобасымен бекіту туралы» Талғар
аудандық мәслихатының 2018 жылғы
17 тамыздағы № 34-166 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округіндегі «Lesnaya skazka-Aport-Aktas» тау-курорттық аймағын салудың бас жоспарын нақты жоспарлау жобасымен бекіту туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 34-166 шешімімен бекітілген «Lesnaya skazka-Aport-Aktas» тау-курорттық аймағын салудың бас жоспарына нақты жоспарлау жобасына өзгерістер енгізіліп, қосымшаға сәйкес бекітілсін. (Түсініктеме жазбалары мен картографиялық құжаттары қоса берілген).
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Талғар аудандық
мәслихатының төрғасы М. Алибеков