Алматы облысы Талғар ауданының шекарасын өзгерту туралы

Алматы облысы Талғар ауданының 

шекарасын өзгерту туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының        4) тармағына сәйкес Талғар ауданының  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысының мәслихатына және Алматы облысының    әкімдігіне

Талғар ауданының жалпы көлемі 12053 гектар жерлерін:

  • Қайнар ауылдық округінің 2717 гектар,
  • Нұра ауылдық округінің 8619 гектар,
  • Тұздыбастау ауылдық округінің 717 гектар;

Іле ауданының шекарасына беру арқылы, Талғар ауданының жалпы көлемі 353274 гектар шекараны белгілей отырып,  ұсыныс енгізілсін.

  1. Осы бірлескен Талғар ауданының мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

М. Алибеков

Талғар ауданының әкімі

 

Т. Айдарбеков

Дата публикации
20 декабря 2023