Талғар ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ЖӘНЕ ҚАУЛЫ

 

Талғар ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерге,

елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және

қайта атау туралы 

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына сәйкес және халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысының ономастика комиссияның қарауын, Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы «Аэропортная» қөшесі – «Атакелді Исмаилов» көшесіне қайта аталуы туралы ұсыныс енгізу.
  2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы 

 

М. Алибеков

Талғар ауданының әкімі

 

Т. Айдарбеков

Дата публикации
19 июля 2023