«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының     2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының
    2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының     
1-тармағы 7) тармақшасының 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«7) Кеңдала ауылдық округі бойынша:

Ақдала ауылының шекарасы (шегі) 385,3277 гектарға өзгертіліп, Ақдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 735,4277 гектар болып белгіленсін;».

  1. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылауды Талғар ауданы әкімінің орынбасары Каспакбаев Оразхан Омирхановичке жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талғар аудандық мәслихатының

төрағасы

 

М. Алибеков

Талғар ауданының әкімі

 

Т. Айдарбеков

 

Дата публикации
02 июня 2023