Талғар ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

Талғар ауданының

2022 жылға арналған

бюджетінің атқарылуы туралы

жылдық есепті бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 132 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. Талғар ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі мынадай көлемде бекітілсін:
  • кірістер 19 250 963,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 6 238 237,4 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер 40 169,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 356 951,6 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 11 615 604,9 мың теңге.

2) шығындар 22 001 712,8 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредит беру 60 172,1 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профицит) -2 690 577,5 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 2 690 577,5 мың теңге;

қарыздардың түсімі 2 566 717,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу 428 660,1 мың теңге.

Есепті кезең соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары 433 294,6 мың теңге.

 

 

Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы                                            М. Алибеков

Дата публикации
02 июня 2023