ЖОБА
Талғар аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 наурыздағы №27-135 «Талғар аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Талғар аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 наурыздағы №27-135 «Талғар аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4622 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.Сноска. Пункт 4 – в редакции приказа Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 25.08.2020 № 131 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы