Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 наурыздағы № 3-14 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 17 наурызда № 5898 болып тіркелді

       "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:

      1) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) "Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдері өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын төленеді;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектігінің алынып тасталуы, Талғар ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) төлемдер тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

      5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

  1. Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу оқу жылына тоқсан сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
  2. Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 3-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 тіркелген, 2016 жылдың 17 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық сақтау мәдениет, әлеуметтік саясат, жастар ісі мәселелері жөнiндегi" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының

 

      сессия төрағасы

Б. Аукенов

      Талғар аудандық мәслихатының

 

      [атшысы

М. Алибеков



Дата публикации
21 февраля 2023