Талғар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Талғар ауданының 2023-2025 жылдарға

арналған бюджеті туралы 

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 15 900 989 мың теңге:

салықтық түсімдер – 8 100 477 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 392 018 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 431 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 977 494 мың теңге;

2) шығындар – 15 997 355 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 61 329 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 108 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 171 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 157 695 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-) 157 695 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 989 389 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері –  564 482 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Талғар қаласы – 378 455 мың теңге;

Белбұлақ ауылдық округі – 25 924 мың теңге;

Бесағаш ауылдық округі – 56 409 мың теңге;

Панфилов ауылдық округі  –  31 914 мың теңге;

Тұздыбастау ауылдық округі  –  71 780  мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілісін, оның ішінде:

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыруға;

елді мекендерді көркейтуге;

ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

ауылдық округ әкімдерінің қызметтерін қамтамасыз етуге.

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Талғар  ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған резерві 149 552 мың теңге сомада бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Мәслихат хатшысы                                                  М. Әлібеков

Талғар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
26 декабря 2022