ЖОБА
«Алматы облысы Талғар ауданының елді мекендерінің шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысы және Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Талғар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің
1-тармағы 7) тармақшасының 1 және 3-абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Кеңдала ауылдық округі бойынша:
Ақдала ауылының шекарасы (шегі) 385,3277 гектарға өзгертіліп, Ақдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 735,4277 гектар болып белгіленсін;
Кеңдала ауылының шекарасы (шегі) 63,5306 гектарға азайтылып, Кеңдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 216,4979 гектар болып белгіленсін;»;
Кендала ауылдық округіндегі Ақдала ауылы мен Кендала ауылының шекаралары (шектері) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
|
Талғар ауданының әкімі
|
К. Абдыханов |
|
Талғар аудандық мәслихатның хатшысы
|
М. Алибеков
|