Талғар аудандық мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Талғар қаласы 30 қыркүйек 2026 жыл
КІРІСПЕ
Талғар аудандық мәслихаты төрағасының 2026 жылғы 9 қыркүйектегі №27 «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің атқарылған қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2026 жылдың 9 – 30 қыркүйегі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау аппарат қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың 9 айы қызметін қамтыды.
Аппарат өз қызметін 2026 жылғы 25 тамыздағы №61-260 Талғар аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Аппарат Ереже бойынша – «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі Талғар аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Аппарат өз кызметінде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау.
Аппарат 5 штат бірлігінен құралған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бос бірліктер жоқ.
Аппарат мамандарының міндеттері мен құқықтары лауазымдық нұсқаулықтармен бекітілген.
Кадрлық жұмыстар барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған жоқ.
Мүдделер қақтығысы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарда, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарда, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарда теңестірілген адамдарда, лауазымды адамдарда мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Аппарат мамандарынан туындаған жанжал туралы жазбаша хабарламалар тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметшінің өтініші келіп түскен кезде немесе мүдделер қақтығысының туындағаны туралы басқа көздерден ақпарат алған кезде аппарат басшысы мүдделер қақтығысының алдын-алу және реттеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдайтын болады.
Аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Аппарат – ақпараттық жүйелерді әзірлемейді.
Аппарат ақпараттық жүйелермен жабдықталған, оның ішінде «Documentolog», еOtinish, eqyzmet.
Ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу үшін әр маманның есептік жазбасы бар. Тұрақты негізде мамандар АЖ деректерінде жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді. Кодекспен реттелетін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұл процесс eotinish азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Келіп түскен өтініштерді тіркеу, маршруттау, қарау, орындау Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау «еOtinish» бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асады.
2025 жылы барлық тіркелген өтініштер саны 215, шағым түскен әкімшілік актілер орын алған жоқ.
2026 жылдың 9 айында барлық тіркелген өтініштер саны 207, мерзімі бұзылып қаралған өтініштер жоқ, шағым түскен әкімшілік актілер орын алған жоқ.
Келіп түскен өтініштер қаралып, дұрыс шешімдер қабылданды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Талдау нәтижелері.
Жүргізілген зерделеу жұмыстары мен ұсынылған құжаттарды жан-жақты талдау қорытындысы бойынша, нормативтік-құқықтық актілерде - қызметті реттейтін ішкі рәсімдер мен актілерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайтын нормалар, қарама-қайшылықтар мен әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте - Кадрларды іріктеу және орналастыру, мүдделер қақтығысын реттеу, жұмысқа қабылдау және лауазымдық міндеттерді атқару процестерінде заңнама талаптары сақталған. Құқық бұзушылықтар мен теріс әрекеттер белгілері тіркелмеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Талғар аудандық мәслихаттың аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері оң деп бағаланады.
Зерттелген кезең ішінде ешқандай заң бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар немесе оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ. Барлық жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде заң бұзушылықтар мен тәуекелдер анықталмауына байланысты, мекеме қызметін ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар жоқ.
Жұмыс тобының төрағасы Алибеков М.
Жұмыс тобының мүшелері: Даркенбаева У.
Амантайқызы Г.
Турлыбаева Н.
Кабденов М.