ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ
Тақырыбы: Талғар аудандық мәслихат төрағасының 2026 жылғы 9 қыркүектегі №27 өкіміне сәйкес, «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау.
Өткізілген күні: 9 қыркүйек 2026 жыл, Талғар қаласы.
Қатысқандар: «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері.
КҮН ТӘРТІБІ
Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау.
Анықталған тәуекелдер орын алған жағдайда оларды жою, төмендету жөніндегі шараларды қарау.
ТЫҢДАЛДЫ
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша мәслихат аппаратының бөлім басшысы Г.Амантайқызы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес, мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, оларды анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.
Мәслихат аппаратының қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында мемлекеттік сатып алу, кадрлық рәсімдер, азаматтардың өтініштерін қарау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және тіркеу, құжат айналымы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағыттары бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді қарау.
Мәслихат аппаратының бас маманы М.Кабденов - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар:
- Қызметтік міндеттерді орындау кезінде лауазымды тұлғалардың шешім қабылдауындағы субъективтілік тәуекелі.
- Құжаттарды қарау және келісу рәсімдерінің сақталмау тәуекелі.
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде белгіленген мерзімдердің бұзылуы тәуекелі.
- Кадрлық рәсімдерді жүргізу кезінде заңнама талаптарының бұзылу тәуекелі.
- Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі.
- Қызметтік ақпаратты пайдалану және оның сақталуын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдер.
- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын бұзу тәуекелі.
ҚОРЫТЫНДЫ
- Мәслихат аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілсін.
- Аппарат басшысы, бөлім басшысы қызметтік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
- Кадрлық және өзге де әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етілсін.
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау қамтамасыз етілсін.
- Қызметтік міндеттерді орындау барысында мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың алдын алу қамтамасыз етілсін.
- Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды қатаң сақтау бақылауға алынсын.
- Талғар аудандық мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінің талдамалық анықтамасы жасалсын.
- Хаттамада көрсетілген шаралардың орындалуын бақылау аппарат басшысы У.Даркенбаеваға жүктелсін.
Төрағалық етуші:
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М.Алибеков
Хатшы:
Талғар аудандық мәслихат аппаратының бас маманы М.Кабденов