Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. Талғар аудандық мәслихатының аппаратында 2026 жылдың қыркүйек айының 9-30 күндері аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:

Жұмыс тобының төрағасы: М.Алибеков.

Жұмыс тобының мүшелері: Аппарат басшысы У.Даркенбаева, бөлім басшысы Г.Амантайқызы, бас маман Н.Турлыбаева, бас маман М.Кабденов.                  

  1. Жұмыс тобына нормативтік құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерделеу, тәуекелдерді анықтау, олардың себептері мен жағдайларын айқындау және ұсынымдар әзірлеу тапсырылсын.
  2. Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысы У.Даркенбаеваға жүктелсін.

 

Мәслихат төрағасы                                                     М.Алибеков

Дата публикации
09 сентября 2026