«Талғар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 52-212 Талғар аудандық мәслихатының шешіміне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы

«Талғар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 52-212 Талғар аудандық мәслихатының шешіміне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 128 бұйрығының 215-тармағына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Талғар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 52-212 Талғар аудандық мәслихатының шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қоса беріліп отырған Талғар ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілікті ететін Талғар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

 

Талғар аудандық

мәслихатының төрағасы                                             М. Алибеков

Дата публикации
03 июня 2026