Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 7-бабы 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-16 (Қазақстан РеспубликасыНормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 181077 болып жарияланған);
- Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-16 «Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 тамыздағы № 7-46 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184855 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.