Талдықорған қалалық мәслихатының
«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның
ХАТТАМАСЫ
Талдықорған қаласы, Бірлік шағынауданы, 25 21 мамыр 2025 жыл,
сағат: 15:00
(№29 орта мектеп-лицей)
Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген - №18 сайлау округінің депутаты, «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Серік Максимұлы Жансеңгіров.
Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.
Күн тәртібінде:
Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
Қатысқандар:
Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімдіктің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары.
Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның көпшілік тыңдау отырысын С. Жансеңгіров «ашық» деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.
Сөйлегендер:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді отырыс төрағасы Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Арнайқызы Рысбаеваға берді. Бас маман атау беріліп жатқан көше бойынша баяндама жасады:
|
№ |
Жаңадан берілетін атауы
|
Көшенің бұрынғы атауы
|
Сипаттамасы |
|
1. |
Мұқамәділ Қаптағаев |
Атауы жоқ жаңа көше |
«Құлагер» мен «Әл-Фараби» ш.а. арасындағы атауы жоқ жаңа көше |
Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С. Рысбаева: «Құлагер» және «Әл-Фараби» шағын аудандары арасындағы атауы жоқ жаңа көше (ұзындығы — 530 м) Мұқамәділ Қаптағаевтың есімімен аталу ұсынылуда.
Мұқамәділ Қаптағаев (1919–1989 жж.) — Сарқан ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері, 248-атқыштар дивизиясының 905-полкінде айып батальоны құрамындағы барлаушылар тобының жетекшісі болған. Марапаты: Отан соғысы ордені ІІ дәрежелі.
Құрметті қауым! Аталған мәселе бойынша белсенділік танытып, өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.
Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Сөз Қаптағаев Сәрсенбай Мұқамаділұлына беріледі.
С. Қаптағаев Мұқамәділ Қаптағаевтың өмір жолы, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ретінде көрсеткен ерлігі мен ел үшін атқарған еңбегі туралы баяндады. Оның өмірбаянын қысқаша таныстырып, еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқталды.
Сөз соңында, жоғарыда аталған атауы жоқ жаңа көшеге Мұқамәділ Қаптағаевтың есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұрады.
Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Көшеге беріліп отырған тұлға жайлы толық ақпарат берілді. Осымен дауыс беруге көшейік.
Ол үшін осында қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Келдібек Әлібек Батырбекұлы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы отыр. Осы азаматтар дауыс санауды жүзеге асырады. Аталған көшеге атау беруді кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.
Депутаттар мен тұрғындар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.
Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жұмыс күн ішінде жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.
Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып, отырысты «жабық» деп жариялады.
Отырыс төрағасы С. Жансеңгіров
Отырыс хатшысы Ә. Келдібек