Протокол публичных слушаний 20.05.2025

Талдықорған қалалық мәслихатының

«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның

ХАТТАМАСЫ

 

 

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі, Ынтымақ ауылы                                                                                                  20 мамыр 2025 жыл,

сағат: 15:00

(№30 орта мектеп)

 

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген -  №11 сайлау округінің депутаты, «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Гүлниса Досанқызы Тұлымшақова.

Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.  

 

Күн тәртібінде:

 

Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Қатысқандар:

Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімдіктің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,  қала тұрғындары.

 

Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның  көпшілік тыңдау отырысын  Г. Тұлымшақова «ашық» деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.

 

 

Сөйлегендер:

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді отырыс төрағасы Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Арнайқызы Рысбаеваға берді. Бас маман атау беріліп жатқан көше бойынша баяндама жасады:

 

№

Жаңадан берілетін атауы

 

Көшенің бұрынғы атауы

 

Сипаттамасы

1. 

Болсамбеков Абдықадыр

№ 4 атауы жоқ жаңа көше

 

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)  

2. 

Шлетов Асылбек

№ 5 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)

3. 

Егембердиев Ғайыс

№ 6 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)

4. 

Бақбергенов Құрмантай  

№ 7 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)

5. 

Борамбаев Хасан

№ 8 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)

6. 

Базалиев Федор

№ 9 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы 

(3 бөлімше)

7. 

Чуйков Егор

№ 11 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы 

(3 бөлімше)

8. 

Турченко Николай

№ 12 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)

9. 

Моисеенко Василий

№ 13 атауы жоқ жаңа көше

Қаланың Оңтүстік-батысы

(3 бөлімше)

 

Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С. Рысбаева: Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан 3-бөлімшедегі атауы жоқ 9 жаңа көшеге қатысты төмендегі атауларды беру ұсынылуда. Бұл ұсыныстар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды есте қалдыру мақсатында жасалды.

  1. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 4-ші жаңа көшені (3 бөлімше) Ұзындығы 1,2 км. Болсамбеков Абдықадыр көшесі – (1923 ж. – 2014 ж.) Ұлы Отан соғысының ардагері. 1923 жылы Сарқан ауданы, Қызыл әскер ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылды. Жапониямен соғыс кезінде СМЕРШ қарсы барлау взводының командирі болған. 1947 жылы соғыстан оралды. Партиялық есепке тұрып, Сарқан ауданында учаскелік қызметке орналасты. Әрі қарай Текелі қаласының ішкі істер бастығы болды. Кейін әскери маңызы бар Степногорск қаласына ауыстырылды. Сонымен бірге Мәскеуде ІІМ жоғары мектебінде оқыды. Талдықорған қаласына оралып, генерал-майор атағы берілді. Марапаттары: ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Халықтар достығы» ордені, «Жапонияны жеңгені үшін» медалі.
  2. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 5-ші жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 1,1 км. Шлетов Асылбек көшесі (1908-1985 ж.ж.) — Ұлы Отан соғысының ардагері. 1908 жылы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысты. Атқыштар дивизиясының қатарында пулеметші болған. Соғыстан кейін Еңбек ауылында жетім-жесірлерге алдымен малдарына шөп шауып көмектесіп отырған. Марапаттары: «Соғыста көрсеткен ерлігі үшін» ІІ дәрежелі ордені, «Жауынгерлік» медалі.
  3. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 6-шы жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 1 км. Егембердиев Ғайыс көшесі — 1924 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа жол тартып, 1,2,3 Беларусь, 3-Балтық бойы майданындағы шайқастарда басынан, қолынан, аяғынан жараланған. Пулеметшілер командирі, бас қолбасшының пәрменімен ғана жойқын қақтығысқа араласатын, тоқсан килолық 203 мм гаубица командирі болған. Рига қаласын тікелей азат етіп, Шығыс Пруссияға жеткенде соғыс өрті өшкен. Соғыстан кейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1954 жылы үздік тәмәмдап, республикалық «Сталин жолы» журналында тілшілік қызмет атқарып, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында әдеби қызметкерден бастап ішкі және сыртқы хабар бөлімін, мал шаруашылығы, Кеңес құрылысы бөлімдерін басқарды. 2020 жылы қайтыс болған. Марапаты: «Қызыл жұлдыз» ордені.
  4. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 7-ші жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 820 м. Бақбергенов Құрмантай көшесі — 1925 жылы Семей облысы, Шұбартау ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес әскеріне шақырылып, соғысқа аттанды. Кутузов атындағы 98-ші десанттық армиясының 19 бригадасының құрамында Ленинградты қорғау шайқастарына қатысты. Карелия мемлекетінің Олонецк аймағын азат етті. 1944 жылы Польша, Чехославакия, Венгрия, Австрия мемлекеттерін қорғаған. Ленинград блокадасында шайқасқан. 1954-1958 жылдар аралығында Қапал мектеп-интернатының директоры болды. 1958 жылы Семей облысы, Аякөз ауданы, Таскескен ауылында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ән-күй, география, тарих пәндерінен сабақ берді. 2020 жылы қайтыс болған. Марапаты: ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені.
  5. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 8-ші жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 850 м. Борамбаев Хасан көшесі — 1925 жылы Ескелді ауданында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы қысқа уақыттық әскери дайындақтан өтеді. Осыдан соң, 25-ші десанттық гвардия полкінің құрамына жіберілген, жауынгер 1943 жылдың желтоқсан айында ІІ Украин жеріндегі 345 атқыштар құрамындағы 303 мергендер сабына барып қосылады. Кировоград, Яссы, Воронеж, Рыбница қалаларындағы жауды жоюға толық атсалысады.
    Хасан ақсақалдың неше мыңдаған шақырым жол басып, 8 жылға жуық шайқас шебінде жүріп, Венгрия, Румыния, Австрия, Чехославакия елдеріне дейін азат етуге қатысқан сапарындағы көріністердің бірі ғана. 1950 жылы елге оралып, көп жыл Талдықорған малшаруашылығы техникумында жұмыс жасады, Комсомол, мұғалім, саясат, экономика пәндерінен сабақ беріп, зейнеткерлікке шықты. 2018 жылы қайтыс болған. Марапаты: Отан соғысының І дәрежелі ордені.
  6. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 9-шы жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 565 м. Базалиев Федор көшесі — 1918 жылы Сарқан ауданы Черкасск ауылында дүниеге келген. Курск облысы, Щигров ауданы Щигровский АӘК-мен әскер қатарына шақырылған. 40-шы армия, 4-ші инженерлік сапёрлық бригадасында майданда шайқасқан. 1986 жылы қайтыс болған. Марапаттары: Отан соғысының І дәрежелі ордені.
  7. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 11-ші жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 570 м. Чуйков Егор көшесі (1915-1963 жж.) — Кербұлақ ауданы Жайнақ ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1937 жылы Қызыл армия қатарына шақырылған. 1945 жылы Қиыр Шығыс майданында батальон командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болған. Кеңес Одағының Батыры («Ленин» ордені), Отан соғысының І, ІІ дәрежелі ордені.
  8. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 12-ші жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 550 м. Турченко Николай көшесі (1921-1972 жж.) — 1921 жылы Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры («Ленин» ордені).
  9. Талдықорған қаласының Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 13-ші жаңа көшені (3 бөлімше). Ұзындығы 550 м. Моисеенко Василий көшесі (1908-1945 жж.) — Сарқан ауданы. 1908 жылы Запорожская облысы Александровка ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры («Ленин» ордені), ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені.

Құрметті қауым, аталған мәселе бойынша белсенді қатысып, өз ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын!

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Көшелерге беріліп отырған тұлғалар жайлы толық ақпарат берілді. Осымен дауыс беруге көшейік.

Ол үшін осында қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Келдібек Әлібек Батырбекұлы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы отыр. Осы азаматтар дауыс санауды жүзеге асырады. Құрметті қатысушылар, қалай дауыс береміз: барлық көшелерді тізім бойынша бірден бе, әлде әр көшені жеке-жеке қараймыз ба?

Тұрғындар барлық көшелерге бірден тізіммен дауыс беруді ұсынды.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова: Жақсы, аталған 9 көшеге атау беруді кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.

Депутаттар мен тұрғындар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.

Отырыс төрағасы, №11 сайлау округінің депутаты Г. Д. Тұлымшақова: Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жұмыс күн ішінде жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып,  отырысты «жабық» деп жариялады.

 

 

Отырыс төрағасы Г. Тұлымшақова

 

Отырыс хатшысы Ә. Келдібек

Протокол 20.05.2025
Дата публикации
23 мая 2025