Протокол публичных слушаний 20.05.2025

Талдықорған қалалық мәслихатының

«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның

ХАТТАМАСЫ

 

 

Талдықорған қаласы, Сихимов к-сі, 1А                                                                                                  20 мамыр 2025 жыл,

сағат: 10:00

 

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген -  №18 сайлау округінің депутаты, «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Серік Максимұлы Жансеңгіров.

Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.  

 

Күн тәртібінде:

 

Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Қатысқандар:

Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімдіктің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары.

 

Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның  көпшілік тыңдау отырысын   С. Жансеңгіров «ашық» деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.

 

 

Сөйлегендер:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді отырыс төрағасы Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Арнайқызы Рысбаеваға берді. Бас маман атау беріліп жатқан көше бойынша баяндама жасады:

 

№

Жаңадан берілетін атауы

 

Көшенің бұрынғы атауы

 

Сипаттамасы

1. 

Горбов Василий

№ 1 атауы жоқ көше

Қаланың Солтүстік тұрғын үй ауданы

2. 

Боранбаев Оспанбек

№2 атауы жоқ көше

Қаланың Солтүстік тұрғын үй ауданы

 

Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С. Рысбаева: Талдықорған қаласының Солтүстік тұрғын үй ауданында орналасқан, ұзындығы 634 метр болатын атауы жоқ №1 көшеге Горбов Василий есімін беру ұсынылады.

  1. Горбов Василий (1924–1982 жж.) — Сарқан ауданы, Тополевка ауылында туған. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 278 атқыштар полкі, 7-ші гвардиялық армия, 46-шы армия, 273-ші гвардиялық атқыштар полкі, 89-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында майданда шайқасты. Аға сержант, атқыш болған.Соғыстан кейін 1945 жылы Сарқан ауданына оралып, комбайншы болып жұмыс істеді. Кейін Талдықорғанда инженер-гидротехник және жарушы қызметтерін атқарды. Марапаттары: Отан соғысының І дәрежелі ордені, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері.

Талдықорған қаласының Солтүстік тұрғын үй ауданында орналасқан, ұзындығы 536 метр болатын атауы жоқ №2 көшеге Боранбаев Оспанбек есімі берілу ұсынылады.

  1. Боранбаев Оспанбек (1923–2001 жж.) — Сарқан ауданында туған. 1942 жылдың шілдесінде Сарқан ауданының әскери бөлімінің шақыртуымен Украина майданына аттанып, Башқұртстан АССР-і, Стерлитамак қаласындағы Рига әскери пехоталық училищесінің курсанты болды. Сталинградты қорғау, Украина, Донбасс, Ростов облыстарының қалалары мен ауылдарын азат ету операцияларына қатысты.Соғыстан кейін Талдықорған қалалық ауылшаруашылық өнімдерін дайындау инспекторы қызметін атқарды. Облыстық, аудандық партия және ауылшаруашылық салаларын басқаруда, атқару комитеттерінде депутаттық қызмет атқарды. 20 жылдан астам қалалық ардагерлер кеңесінің басшысы болды. Республикалық маңызы бар дербес зейнеткер. Марапаттары: Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені.

Құрметті қауым! Аталған мәселе бойынша белсенділік танытып, өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров:  Сөз, Боранбаева Балғаным Оспанбекқызына беріледі.

Б. Боранбаева Боранбаев Оспанбектің өмір жолы, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ретінде көрсеткен ерлігі мен ел үшін сіңірген еңбегі туралы баяндалды. Оның өмірбаяны қысқаша таныстырылып, еңбек жолындағы жетістіктеріне, соның ішінде Талдықорған қаласының және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесіне тоқталды.

Сөз соңында көшеге Боранбаев Оспанбек есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұрады.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Көшелерге беріліп отырған тұлғалар жайлы толық ақпарат берілді. Осымен дауыс беруге көшейік.

Ол үшін осында қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Келдібек Әлібек Батырбекұлы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы отыр. Осы азаматтар дауыс санауды жүзеге асырады. Құрметті қатысушылар, қалай дауыс береміз: екі көшеге бірден бе, әлде әр көшені жеке-жеке қараймыз ба?  

Тұрғындар барлық көшелерге бірден тізіммен дауыс беруді ұсынды.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Жақсы, аталған екі көшеге атау беруді кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.

Депутаттар мен тұрғындар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жұмыс күн ішінде жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып,  отырысты «жабық» деп жариялады.

 

 

Отырыс төрағасы С. Жансеңгіров

 

Отырыс хатшысы Ә. Келдібек

Протокол 20.05.2025
Дата публикации
23 мая 2025