19.05.2025 жылғы көпшілік тыңдау хаттамасы

Талдықорған қалалық мәслихатының

«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның

ХАТТАМАСЫ

 

 

Талдықорған қаласы, Біржан Сал, 108                                                                                                  19 мамыр 2025 жыл,

сағат: 15:00

(№18 орта мектеп-лицей)

 

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген -  №18 сайлау округінің депутаты, «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Серік Максимұлы Жансеңгіров.

Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.  

 

Күн тәртібінде:

 

Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Қатысқандар:

Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімдіктің өкілдері

 

Талқыланды:

Күн тәртібі бойынша көпшілік тыңдау өткізу жоспарланған болатын. Алайда, қала тұрғындары көпшілік тыңдауға қатыспауына байланысты, көпшілік тыңдау болмады деп танылды.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Құрметті қатысушылар, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе – Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы. Алайда, қала тұрғындарының көпшілік тыңдауға қатыспауына байланысты отырысты жалғастыру мүмкін емес. Осыған байланысты көпшілік тыңдауды болмады деп тану туралы ұсынысымды дауысқа салғым келеді. Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.

Қатысушылар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.

 

 

Отырыс төрағасы С. Жансеңгіров

 

Отырыс хатшысы Ә. Келдібек

Протокол 19.05.2025
Дата публикации
23 мая 2025